Scorpions в Алматы

Ізденімпаз піл (ALMATY PUPPET FESTIVAL - 2023)

Алматы қаласында 20-24 қазан аралығында Республика күні аясында тұңғыш рет І Халықаралық «ALMATY PUPPET FESTIVAL» қуыршақ театрлары фестивалі өткізілмек. Фестивальге Түркия, Польша, Грузия, Болгария, Өзбекстан және Қазақстанның таңдаулы қуыршақ театрлары қатысатын болады. 
«Ізденіпмаз піл» қойылымы. Неліктен? Неге? Неден? – балалардан бұл сұрақтарды бәрібіз де үздіксіз естіп келеміз... Бірақ бұл  беймазалық емес, тек ізденімпаздық пен қызығушылық. Дәл осы екі қасиеттің арқасында әлемде ең ерекше ашылулар жасалып, ең қиын мәселелердің шешімдері табылады. Аңғал және мейірімді піл өзінің ізденімпаздығы нәтижесінде джунгияға саяхатқа шығады. Ал ол саяхат пайдалы кездесулерге ғана емес, қауіп-қатерге де толы болмақ.

Қойылым орыс тілінде көрсетіледі. 

Автор: Редьярд Киплинг
Режиссер: Василий Хохлов