Scorpions в Алматы

Брамсты сүйесіз бе?

«Брамсты сүйесіз бе

«Брамсты сүйесіз бе?» – 1961 жылы танымал француз және америкалық әртістердің қатысуымен мелодрама түсірілген Франсуаза Саганның повесі осылай аталады. Фильмнің негізгі музыкалық желісі Брамстың Үшінші симфониясының бастапқы аккордтары болды. Концертте неміс романтизмінің классигі Иоганнес Брамстың симфониялық емес, камералы-аспаптық әуендері шырқалады. Оны камералық ансамбльдің табиғатын түсінетін музыканттар әрі неміс классикалық музыкасының керемет интерпретаторлары орындайтын болады:

Бағдат Әбілханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)

Павел Романенко, халықаралық байқаулардың лауреаты (альт)

Курванжан Ахатов, халықаралық байқаулардың лауреаты (виолончель)

Ұлан Құлмаметов (фортепиано)

Бағдарламада И. Брамстың шығармалары:

Альт пен фортепианоға арналған скерцо, до минор

Альт, виолончель және фортепианоға арналған ля минор триосы, ор.114

Фортепиано, скрипка, альт және виолончельге арналған №1 квартет, соль минор, ор.25

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады