Махаббат жазы (КАТМК)
«Махаббат жазы» опереттасын 1927 жылы танымал венгр композиторы Лайош Лайтаи (1900-1966) жазған. Бұрындары «Ескі жаз» (Régi nyár) атауымен ол авторға атақ әкеліп, кейіннен екі рет танымал венгр әртістерінің қатысуымен түсірілген еді.
Оперетта не туралы? Еуропалық стильдегі үлкен театр, көрермен залында ине шаншар орын жоқ, сахна төрінде өнерімен жарқыраған прима кенеттен есінен танып, көрермендерді аң-таң қалдырады. Бұл не болған екен? Мәселенің негізі, әрине, ер адамда жатыр! Көрермен арасында өзінің 18 жыл бұрын тастап оны тастап, ақсүйек қызға үйленіп кеткен бұрынғы ғашығын көріп, актриса одан кек алмақшы болады. Мәселе бірден шиеленіске түсіп кетеді, себебі басты кейіпкер актрисаның қызы мен оның сүйгенінің ұлы да ата-анасының өткені туралы еш аңғармай бір-біріне ғашық болып қалады. Жас кейіпкерлер бақытқа қол жеткізе алады ма екен? Махаббат бәрін реттей алады ма екен? Махббатқа толы беймаза жазды қайтару мүмкін бе?