Көшкін. Премьера!
Жан-жағынан таулы қыраттармен қоршалған Шығыс Анатолиядағы шағын тұрмыстық кенттің тұрғындары дауыстарын қатты шығарып сөйлеспейді де, күлмейді де екен. Басқаша айтқанда, бірде-бір шу шығармауға тырысады екен, себебі кез-келген дыбыстық толқындар үлкен қар көшкінін туындатуы мүмкін екен.
Бұл жағдайдағы ең оғаш жайт - көшкін жүру қатері тоғыз ай бойы сақталуы, ал қалған үш айда тұрғындар бар жандарын салып айқайға басып, мылтық атысып, той тойлап, бала туа алады екен... Яғни олар өз сезімдерін тек үш қауіпсіз ай ішінде ғана шығара алады...
Ал сол тоғыз ай бойы олар не істеуі керек? Бірде-бір дыбыс шығармай, қорқыныш пен толғаныш сезімдерінде өмір сүрулері керек...
Көшкін тек табиғи апат емес...
Бұл біздің санамыздағы қорқыныш сезімі болуы да әбден мүмкін...