rebranding

Концерт «Батыс – Шығыс: музыкалық параллельдер»

2022 / 2023           К.Байсейітова атындағы Камералық зал            X маусым

10 ақпан * жұма * 19.00

 

«Қазақквартет шақырады» топтамасы

 

Концерт

«БатысШығыс: музыкалық параллельдер»

Танымал қазақстандық ұжым – Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті әлем мәдениетінің екі бренді – классицизм (Й.Гайдн) мен романтизм (Ф.Мендельсон) өкілдері болып табылатын композиторлардың шығармаларын орындаумен жаңа жылдағы тұңғыш концертін бастайды. 

Музыканттар ұлттық мәдениеттің ізбасар насихаттаушылары болып табылады. Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің бірде-бір концерті қазақстандық авторлардың шығармаларын орындаусыз өтпейді. Концертте Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі Арман Жайымовтың өңдеуінде шырқалады. 

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті шеберлігінің жоғары деңгейі бірнеше мәрте беделді халықаралық байқаулардың лауреаттық атақтарымен, сыйлықтарымен және жүлделерімен аталып өткен. Ұжымның шығармашылық қызметі жоғары бағаға ие болған – ұжым «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік марапаттың иегері.

 

БАҒДАРЛАМА:

Й.Гайдн. №1 ішекті аспаптар квартеті, до мажор ор.74

1. Allegro moderato

2. Andantino grazioso

3. Menuetto - Trio

4. Finale: Vivace

 

Ф.Мендельсон. №1 ішекті аспаптар квартеті, ми-бемоль мажор ор.12

1. Adagio non troppo - Allegro non tardante

2. Canzonetta. Allegretto

3. Andante espressivo

4. Molto Allegro vivace

 

Н.Тілендиев. «Аққу», А.Жайымның өңдеуі

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар ТОҚТАЛИЕВ (1-ші скрипка)

Алексей ЛЕБЕДЕВ (2-ші скрипка)

Бекзат САЙЛАУБАЙҰЛЫ (альт)

Ернар МЫҢТАЕВ (виолончель)

 

 

Көркемдік жетекші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ернар Мыңтаев

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады