Көне музыка концерті «Барокко сиқыры»

 

 2022 / 2023                    К.Байсейітова атындағы Камералық зал            X маусым

26 ақпан * жексенбі * 17.00

 

Көне музыка концерті

«Барокко сиқыры»

 

Барокко дәуірінің вокалдық музыкасы (XVII ғасырдың басы –  XVIII ғасырдың ортасы) әлемдік музыка мәдениетінде маңызды орынға ие. Барокко дәуірінде музыканы көбінесе әншілер мен виртуоз музыканттар жазатын, сондықтан ол өте күрделі болатын, онда суырып-салма сипаттағы «көркемдеулер» кеңінен қолданылатын.

Барокко вокалдық музыкасын орындау әншіден дауыстың құбылуы мен тембрлік байлығын, түрліше тыныс алуды талап етеді, сондықтан бұрынғы шеберлердің ариялары әртістің вокалдық-техникалық шеберлігінің өзіндік әліпбиіне айналады. Барокко музыкасының концерттері бүгінгі таңда да көптеген аудиториялар жинайды. 

Барокко музыкалық мәдениеті өзінен кейінгі дәуірлердің дамуына зор ықпал етті. Опера және концерт жанрларында оның жаңғырығы естілді, Бах музыкасының цитаталары ауыр роктағы солода пайда болды, эстрадалық әндер көбінесе барокколық «алтын секвенцияға» құрылады, ал джаз белгілі бір деңгейде импровизация өнерін қабылдаған.

Көне музыка кешін «Anima di Barocco» ішекті аспаптар ансамблі, сопрано Мәдина Исламова мен контртенор Батыржан Смақов ұсынады.

Концерт бағдарламасында А.Вивальди, Г.Ф.Гендель, Й.А.Бенда, И.Плейель сынды барокко дәуірі композиторларының аспаптық және вокалдық шығармалары қамтылған.

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Мәдина ИСЛАМОВА (сопрано)

Гүлдана АЛДАДОСОВА (сопрано)

Батыржан СМАҚОВ (контртенор)

 

«Anima di Barocco» ішекті аспаптар ансамблінің құрамы:

Мәдина КАПЕУ (скрипка)

Мәдина БЕКМАДИЕВА (скрипка)

Гүлнара ТІЛЕУҒАБЫЛОВА (альт)

Әлішер ДУТБАЕВ (виолончель)

Гүлжан АЙДАБУЛОВА (фортепиано)

Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайтаркері (клавесин)

 

Көркемдік жетекші –

Раиса МҰСАҚОЖАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайтаркері

 

 

Ұзақтығы – сағат 15 минут