rebranding

М.Мудряк концерті (Astana Ballet)

Өтетін орны: Алматы қ., Almaty Theatre

Күні: 7 сәуір 2024 жыл

Басталуы: 18: 00

Ұзақтығы: 90 минут

Жас шектеуі: 5+

Қосымша: 5 жастан асқан балаларға жеке билет сатып алу қажет, 5 жасқа дейінгі балаларға кіруге тыйым салынады.

 

 

 

 

Әлемдік опера жұлдызы Мария Мудряк және «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі

Еліміздің мәдени өміріндегі жарқын оқиға: опера жұлдызы Мария Мудряк пен «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің концерті Алматыдағы гастрольдік сапары аясында Almaty Theatre төрінде өтпек.

Концерттің дирижері ретінде Джузеппе Аквавива өнер көрсетсе, солист Дамир Садуахасов өзінің сазды дауысымен тәнті етуге дайын.

Концертте көрермендер Мария Мудряктың орындауындағы опера өнерінің жан-жақтылығын тамашалайтын болады. Бұл кеште итальяндық операның жауһарлары француз ариясының лиризмімен үйлесімді жанаспақ, ал австриялық опереттаның романтикасы қызу испан сарсуэласымен тоғысатын болады.

Симфониялық оркестрдің орындауындағы әйгілі «Кармен» увертюрасы кешті осы әйгілі операның әсерлі және драмалық сарынымен көркем толықтыратыны анық.