Astana Piano Passion сыйлығының лауреаты Жұлдыз Ержеңістің концерті
2022 / 2023 Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал Х маусым
25 маусым *жексенбі* 18.00
Astana Piano Passion сыйлығының лауреаты
Жұлдыз Ержеңістің
концерті
Ұзақтығы: 1 сағат 15 минут
Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.
Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Астана Опера» театрының маңызды миссияларының бірі – жас дарындарды қолдау.
Театрдың Күләш Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында алғаш рет Astana Piano Passion республикалық жас пианистер байқауының лауреаты және Гран-при иегері Жұлдыз Ержеңіс жеке концертпен өнер көрсетеді. Ол Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы (педагог Гүлнәр Жәкееваның сыныбы).
Ол 10 жасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге Й.Гайднның фортепианоға арналған концертін орындаған (2017). 2019 жылы Жұлдыз Мәскеу қаласында «Культура» телеарнасының «Щелкунчик» мерейтойлық ХХ халықаралық телевизиялық байқауына қатысты. 2022 жылы С.С.Прокофьев атындағы ХII Халықаралық байқауда Бас жүлдені және С.С.Прокофьев шығармаларын үздік орындаушы сыйлығын жеңіп алды (Екатеринбург); сол жылы «Астана-Мерей» халықаралық байқауының І сыйлығының лауреаты, Ж.Жабаевтың 150 жылдығына арналған Республикалық телевизиялық байқаудың Бас жүлде иегері атанды. 2022 жылдың қараша айында Жұлдыз Ержеңіс Astana Piano Passion республикалық жас пианистер байқауында Бас жүлде алып, оған «Астана Опера» театрының Камералық залында өнер көрсету үшін сертификат табысталды.
БАҒДАРЛАМА:
И.С.Бах. № 6 партита ми-минор (Токкатта, Аллеманда)
Р.Шуман. «Көбелектер»
М.Равель. «Судың ойыны»
П.Чайковский. «Размышление», оp.72 №.5
С.Рахманинов:
Кіріспе, оp.32 №.5 соль мажор
Кіріспе, оp.23 №.6
Кіріспе, оp.23 №.7
Ф.Лист. №10 трансценденттік этюд фа минор
Ф.Лист. «Шум леса» концерттік этюді
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.