rebranding

Хор музыкасының концерті (Дж.Верди Stabat mater, Дж.Пуччини Messa di Gloria)

Хор музыкасының концерті

Дж.Верди

Stabat mater

Дж.Пуччини

Messa di Gloria

«Астана Опера» театры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің жетекшілігімен солистер, хор және симфониялық оркестрдің орындауында әлемдік музыкалық классика жауһарлары – Дж.Вердидің Stabat mater және Джакомо Пуччинидің Messa di Gloria туындыларын ұсынады.

«Stabat Mater» – Джузеппе Вердидің солистер, хор мен оркестрге арналған діни туындысы. «Стояла мать, скорбящая возле Креста…» – кемелденген Вердидің жан тебірентер сөзі мен драмаға толы музыкасы жүректе өшпес із қалдырады. Композитордың өмірде көрген-білгені, азап шегіп, басынан өткергенінің бәрі шығармада көрініс тапты. Бірде-бір артық штрих, бірде-бір қате дыбыс жоқ – тек дұға мен рухани толғаныс.

«Messa di Gloria» – жас Дж.Пуччинидің сирек орындалатын шығармасы. Композитордың сөзінше, Мессаға «Messa di Gloria» атауы берілген, себебі оған ғибадат етуден гөрі мадақтаушылық сипат тән. Ал бұл туындының барынша жеңіл қабылдануы үшін композитор «Quitollis peccata» атты ең жарқын жеріне Тоскана өңіріне танымал халық әнінің әуенін қосқан. 

Месса католиктер ғибадат ететін дәстүрлі мәтін бойынша латын тілінде жазылған және 5 бөлімнен тұрады:

1. Kyrie – Құдай, кешіре гөр!

2. Gloria – Мадақ!

3. Credo – Құлшылық етемін!

4. Sanctus e Benedictas – Қасиетті… әрі Алғыс алған…

5. Agnus Dei – Құдайдың құрбандық тоқтысы

ОРЫНДАУШЫЛАР: 

Мерей ҚАДЫРХАНОВ (тенор) 

Аян ТӨЛЕГЕН (баритон)

«Астана Опера» хоры және симфониялық оркестрі

Хормейстерлер – Дәурен МУСИН, Ержан САНСЫЗБАЕВ

Дирижер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттік хор капелласы

Көркемдік жетекшісі – Батыржан СМАҚОВ

Хормейстер – Марина БУХВАЛОВА

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.