Үрлемелі аспаптар музыкасының концерті «Бір демде»
2022/2023 Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал Х маусым
10 наурыз * жұма * 19.00
Үрлемелі аспаптар музыкасының концерті
«Бір демде»
Камералық музыканы белсенді насихаттап жүрген үрлемелі аспапта орындаушылар заманауи қазақстандық авторлар (С.Кибирова, А.Жайым, Ә.Әбдінұров, Қ.Садуақасов) мен француз мектебі өкілдерінің (Г.Пьерне, Ф.Пуленк) шығармаларынан тұратын қызықты бағдарлама ұсынады.
Үрлемелі аспаптарға арнап көптеген туындылар жазылған, әсіресе француз композиторы Франсис Пуленктің шығармашылығында кеңінен ұсынылған. Оның тереңнен толғандырып шыққан, эмоциялық жағынан көтеріңкі, ерекше әуезді әрі мәнерлі музыкасы француз ұлттық мектебінің үздік сипаттарын айшықтайды. Пуленк өз ансамблінде аспаптардың түрлі әдісін батыл қолданған (әнші солистер, фортепиано, ішекті аспаптар квартеті, флейта мен кларнетке арналған «Негр рапсодиясы»; Дауыс, флейта, кларнет, фагот пен ішекті аспаптар квартетіне арналған Г.Аполлинердің «Бестиарий немесе Орфейдің кортежі» («Le Bestiaire») өлеңінің әндер топтамасына және екі кларнетке арналған соната; Валторна, труба мен тромбонға арналған соната). «Астана Опера» оркестрінің әртістері тыңдармандар назарына Ф.Пуленктің үрлемелі аспаптар ансамбліне арналған үздік туындыларының бірі – 1930 жылы шығарылған Флейта, гобой, кларнет, валторна, фагот және фортепианоға арналған секстетті ұсынады.
БАҒДАРЛАМА:
А.Жайым. «Күй дастан» фантазиясы (гобойға ыңғайланған)
С.Кибирова. «Жайлауда» (флейтаға ыңғайланған)
Ә.Әбдінұров. «Аққу-домбыра» (гобой, фагот және фортепианоға ыңғайланған)
Қазақтың халық әні «Япурай» (Қ.Садуақасовтың фаготқа арнап өңдеуі)
Г.Пьерне. Кларнет пен фортепианоға арналған канцонетта, ор.19
Ф.Пуленк. Фортепиано, флейта, гобой, кларнет, фагот және валторнаға арналған секстет, до мажор, FP100
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Дамиля Махпирова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (гобой)
Айгерім Дәуітбаева (флейта)
Алмаз Тоқпанов (кларнет)
Әсет Нелдібаев (фагот)
Жанат Жақаев (валторна)
Гүлжанат Жанатаева (фортепиано)
Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады