ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
БАРИТОНДАР ҮШТІГІ концерті

БАРИТОНДАР ҮШТІГІ концерті

Сипаттама

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы Алмас Мұқатай, Айбар Ашкеев және Әлижан Қазбеков секілді теңдессіз баритон иелерін тамашалауға қуана шақырады. Кешке аты аңызға айналған Виктор Шейкиннің джаз оркестрі мен дарынды жас пианист Ерлік Сайырхан қатысады.

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы өзінің барлық тұрақты көрермендері мен жаңа достарын кезекті үлкен концертке шақыруға қуанышты. Солистер - республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Алмас Мұқатай, Айбар Ашкеев, Әлижан Қазбеков.

Концерттік бағдарлама екі бөлікке бөлінген. Баритондар орындауында «Дударай», «Аққу домбыра», «Қарағым-ай» және танымал әлемдік попурри әндері орындалады. Концертмейстер - майталман пианист, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі Ерлік Сайырхан.

Екінші бөлікте солистер Қазақстанның мәдениет қайраткері, маэстро Виктор Шейкиннің жетекшілігіндегі филармонияның джаз оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Көрермендер белгілі кеңестік және шетелдік авторлардың эстрадалық және классикалық туындыларын тамашаламақ. Олардың арасында - «O sole mio» Джованни Капурро, «Сұлулық патшайымы» Арно Бабаджанян, «Dancing Queen» Бенни Андерссон, Бьорн Ульвеус және Стиг Андерсон, «Oh, Pretty Woman» Рой Орбисон, Консуэло Веласкестің «Besame mucho» және әлемдік музыканың алтын қорына енген басқа да танымал композициялар.

Ерекше концерттік бағдарлама жаңа филармония маусымында ешкімді бей-жай қалдырмайтынына және кез келген талғампаз өнер сүйер жанның жүрегін баурайтынына кәміл сенеміз.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы, Назарбаев даңғылы, 1

  • Күні

    02 Қазан 2024 ж

  • Басталуы

    19:00

  • Тұрақ

    бар

  • Жас шектеуі

    7+

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 2
    Қазан
    Сәрс
    Павлодарская филармония
    Основной
    бастап 2500 ₸
    бастап 2500 ₸