Қоңырау, немесе Дәріханашының алғашқы неке түні
ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы ҰСЫНАДЫ
ПРЕМЬЕРА
Гаэтано Доницетти
немесе Дәріханашының алғашқы неке түні»
Бір актілі опера-буффа
Авторлық либретто негізінде француз водевилі
Премьерасы 1836 жылғы 1 маусымда неаполитандық Teatro Nuovo өтті
«Астана Опера» театрындағы премьерасы – 2024 жылғы 11-12 сәуір
Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)
ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының тыңдаушылары көрермендерін Гаэтано Доницеттидің «Қоңырау, немесе Дәріханашының алғашқы неке түні» бір актілі опера-буффасының көктемгі премьерасымен қуантпақ.
«Қоңырау» – композитордың 1836 жылы өз либреттосына жазған опера-буффасы, оның негізгі идеясы әлдебір француз водевилін оқып шыққаннан кейін туындаған. Гаэтано Доницеттидің жетпістен астам операсының бәрі бірдей танымал емес. «Қоңырау» танымалдылығы жағынан осы жанрдағы жауһарлардан кем түссе де, музыкалық, әсіресе вокалдық тұрғыдан «Астана Опера» театры репертуарына сән берген үздік туындыларымен («Махаббат сусыны», «Дон Паскуале») бір қатарға қойылады.
Қысқаша мазмұны
Опера оқиғасы жас қызға үйленген кәрі дәріханашының үйінде бір түннің ішінде өрбиді. Жас келіншегінің жеңілтек сүйіктісі жас жұбайлардың шаттығын бұзуға тынымсыз әрекет етуде. Энрико үздіксіз қоңырау соғып, жаңа үйленгендердің мазасын алады, сондағы мақсаты – түрлі бейнелерде келіп, дәріханашы Аннибаленің әйелімен, сұлу Серафинамен, оңаша қалуына кедергі жасау. Дегенмен, жалынды Энриконың айлалары – спектакльдің еліктіргіш сюжет желісінің бірі ғана...
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН
Қоюшы режиссер – Николай КУЛИКОВ
Сценограф – Малика ТӨЛЕГЕНОВА
Костюмдер бойынша суретші – Дариға ТАЙШЫҚОВА
Тәлімгер-ұстаздар – Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Дон Аннибале Пистаккио, дәріханашы – Валерий СЕЛИВАНОВ / Шыңғыс РАСЫЛХАН
Серафина, оның әйелі – Фируза РАХМЕТОВА / Лейла АЛАМАНОВА
Энрико – Jurica Jurasich KAPUN / Бекұлан ЕРБОЛАТҰЛЫ
Мадам Роза, Серафинаның анасы – Анастасия РЕМЕСКОВА
Спиридоне, дон Аннибаленің қызметшісі – Нұрсұлтан ӘНУАРБЕК / Мерей ҚАДЫРХАНОВ
ASTANA OPERA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.