ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Қоңырау,  немесе Дәріханашының алғашқы неке түні
Freedom SuperApp қолданбасында төлеңіз – картаңызға кешбэк алыңыз
13% кешбэк

Қоңырау, немесе Дәріханашының алғашқы неке түні

Сипаттама

ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы

ҰСЫНАДЫ

Гаэтано Доницетти

«Қоңырау,

немесе Дәріханашының алғашқы неке түні»

Бір актілі опера-буффа

Авторлық либретто негізінде француз водевилі

Премьерасы 1836 жылғы 1 маусымда неаполитандық Teatro Nuovo өтті

«Астана Опера» театрындағы премьерасы 2024 жылғы 11-12 сәуір

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының тыңдаушылары көрермендерін Гаэтано Доницеттидің «Қоңырау, немесе Дәріханашының алғашқы неке түні» бір актілі опера-буффасының көктемгі премьерасымен қуантпақ.

«Қоңырау» композитордың 1836 жылы өз либреттосына жазған опера-буффасы, оның негізгі идеясы әлдебір француз водевилін оқып шыққаннан кейін туындаған. Гаэтано Доницеттидің жетпістен астам операсының бәрі бірдей танымал емес. «Қоңырау» танымалдылығы жағынан осы жанрдағы жауһарлардан кем түссе де, музыкалық, әсіресе вокалдық тұрғыдан «Астана Опера» театры репертуарына сән берген үздік туындыларымен («Махаббат сусыны», «Дон Паскуале») бір қатарға қойылады.

Қысқаша мазмұны

Опера оқиғасы жас қызға үйленген кәрі дәріханашының үйінде бір түннің ішінде өрбиді. Жас келіншегінің жеңілтек сүйіктісі жас жұбайлардың шаттығын бұзуға тынымсыз әрекет етуде. Энрико үздіксіз қоңырау соғып, жаңа үйленгендердің мазасын алады, сондағы мақсаты түрлі бейнелерде келіп, дәріханашы Аннибаленің әйелімен, сұлу Серафинамен, оңаша қалуына кедергі жасау. Дегенмен, жалынды Энриконың айлалары спектакльдің еліктіргіш сюжет желісінің бірі ғана...

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы дирижер Руслан БАЙМУРЗИН

Музыкалық редактор Әлихан ЫДЫРЫСОВ

Қоюшы режиссер Николай КУЛИКОВ

Сценограф Гүлмира ИСЕМҒАЗИЕВА

Костюмдер бойынша суретшілер Дариға ТАЙШЫҚОВА, Николай КУЛИКОВ

Бас хормейстер Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тәлімгер пианистер Дина МИРМАНОВА, Жанар АХМЕТОВА

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері Алтынғаным АХМЕТОВА, Айнұр ХАЛЕЛОВА, Мәнсия ЕСТЕКОВА

Тәлімгер-ұстаздар Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

ASTANA OPERA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    27, 28 ақпан 2025

  • Уақыты

    19: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 15 минут

  • Жас шектеуі

    12+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 27
    Ақпан
    Бейс
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 5000 ₸
    бастап 5000 ₸
  • 28
    Ақпан
    Жұм
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 5000 ₸
    бастап 5000 ₸