Әлемдік рок хиттері vol.2

City Pipes волнышылар оркестрінің волынка мен дабыл майталмандары орындауында ұмытылмас шоу!

Көрермендердің көптеген өтініштері бойынша - «Әлемдік рок хиттері» бағдарламасының жалғасы, vol.2. City Pipes волнышылар оркестрі волынка, дабыл және Орта Азиядағы ең үлкен органның жарқын, қайталанбас дыбысталуында ұсынады. 

City Pipes волнышылар оркестрі - world music-тің жарқын өкілдерінің бірі, әлемнің үлкен сұранысқа ие және ең ерекше ұжымдарының қатарына кіреді. Волынка, дабыл және органның көркем үйлесімінде өнер көрсететін әлемдегі жалғыз оркестр. 

Beatles-ден Pink Floyd-қа дейінгі әлемдік рок хиттерін және аты аңызға айналған фильмдердің саундтректерін City Pipes волыншылар оркестрі үрмелі, соқпалы музыкалық аспаптар мен органның жарқын, қайталанбас үйлесімінде ұсынады.

Естен кетпес шоуды тамашалау мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!