Хелладос

Мәңгілік ақиқат мызғымас, айналада не болса да, әлем қалай күйресе де, махаббат оны әрқашан құтқарады. Адамның туған кезінен бастап қалыптасқан барлық құндылықтары тұлғаның қалыптасу кезеңінде өз жемісін береді...

Бұл әңгіме грузин жерінде кездескен ұлдар туралы, олар бірге өсіп, осы көп қырлы әлемді таниды. Нодар Думбадзе ұлдардың өмірін, олардың сиқырларын, ұмтылыстарын, бір қарағанда шынайы емес, бірақ терең жан күйзелісін сипаттайды.

Атмосфералық спектакль, грузин музыкасының арқасында көрермен бірден философиялық сарынға салынып, осы оқиғалар тұңғиығына терең бауранатын болады.

Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік, бала кезімізден дарып, ересек өмірге өзімізбен бірге алынған құндылықтар туралы ойландырады...

Янгули Сухумиге, достарына, теңізге, Мида атты қызға ғашық, Джамал мен оның ағасы Коканы қатты бағалайды, алайда әкесінің талабымен, ата-бабасын іздеп, Грузиядан тарихи отанына, Грекияға кетуге мәжбүр... Бірақ оның жаны-тәні өзінің жаңа туған жеріне толықтай берілген... 

Қойылым тобы:

Қоюшы-режиссер, көркем рәсімдеу Иракли Гогия

Композитор Мехран Мирмири

Рөлдерде:

Джамал Алибек Ериков

Ягнули Мирас Елубай

Кока Жекебатыр Камен

Нина Ивановна, Джамалдың тәтесі Елена Василевская

Елена Михайловна, музыка пәнінің мұғалімі Елена Лукьянова

Христо Александриди, Ягнулидің әкесі Ерсайын Нуриманов

Бас режиссёр «Мәдениет саласының уздігі» О.Б. Луцива

Директор «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Б.С. Бахтыгереев