ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
Сіздің қалаңыз Астана. Дұрыс па?
Иә
Жоқ
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
ХАЛЫҚ ӘУЕНДЕРІ

ХАЛЫҚ ӘУЕНДЕРІ

Сипаттама

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай

«ХАЛЫҚ ӘУЕНДЕРІ»

концерті

Солист Азамат Жылтыркөзов,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында танымал камералық әрі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов Қазақстан халқының бірлігі күніне және өзі құрастырған әндер жинағының тұсаукесеріне арналған «Халық әуендері» жеке концертіне шақырады.

Ынтымақ, достық әрі ұлттық мұра байлығының нышаны ретінде «Халық әуендері» жинағы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай шығарылды. Қазақстан жерінде тұратын 27 ұлт тіліндегі романстар мен әндерден құралған жинақ вокалдық өнерсүйер қауым мен кәсіби музыканттар үшін қызықты болары хақ.

Осынау кеште сахна төрінде әзірбайжан, башқұрт, армян, белорус, болгар, грузин, корей, қытай, қырғыз, молдаван, моңғол, неміс, орыс, татар, түрік, ұйғыр, украин, өзбек, дүнген және қазақ халқының вокалдық шығармалары шырқалады. Азамат Жылтыркөзов оларды өнер жолындағы әріптестерімен бірге орындайды.

«Халық әуендері» концерті көпұлтты еліміздегі достықты, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға лайықты үлес болмақ.

Концерт әлемнің музыкалық картасы бойынша жарқын саяхатқа айналмақ, мұндағы әрбір әуен вокал өнері арқылы жеткізілген тірі тарих. Жүректерді біріктіретін шабытты кештен қапы қалмаңыздар!

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Василиса САВКИНА (меццо-сопрано)

Марьям ГАЛИЕВА (сопрано)

Нематилло ЗКРУЛЛАЕВ (баритон)

Павел КИМ (тенор)

Мунхтувшин ХОРОЛГАРАФ (баритон)

КОНЦЕРТМЕЙСТЕРЛЕР:

Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ляйля СЕИТОВА, «Мәдениет саласының үздігі»

Дина МИРМАНОВА, «Мәдениет саласының үздігі»

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Камералық зал. Қ. Байсейітова)

  • Күні

    2025 жылғы 29 сәуір

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 15 минут

  • Жас шектеуі

    10+

Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэкFreedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк
Freedom Bank клиенттеріне 17%-ға дейін кэшбэк

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 29
    Сәуір
    Сейс
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 5000 ₸
    бастап 5000 ₸