КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ

Жапон мәдениетімен жақын танысып, бірегей кештің куәсі болғыңыз келсе...

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі қаламыздың мәдени өміріндегі ұмытылмас оқиға - ерекше симфониялық музыка кешіне қуана шақырады.

Бұл кеш жай ғана концерт емес, дәстүр мен қазіргі заманды ұштастырған әуендер әлемі! 

Кеш жұлдыздары – «ALEM SAZ» халықаралық музыкалық фестивалінің хедлайнерлері Маюко Кацумура және Кадзухиро Миямура. Көрнекті жапондық орындаушылар қазақстандық тыңдаушыларды асқан орындаушылық шеберлігі мен музыкалық талғампыздығымен тәнті етті. 

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров дирижерлік етеді.

Тосынсыйлар мұнымен аяқталмайды...

Сіздер үшін кабуки шебері Мотидзуки Тасаитиро мен виртуоз кернейші Цудзимото Мицукуни өнер көрсетеді! Бұл кеш таланттардың басын қосып, музыканың шексіз әлемін жан-жақты көрсетіп,  жаңа әсерлер сыйлайды.

Концертте келесі классика жауһарлары орындалады:

  1. Ғазиза Жұбанова «Скрипка мен оркестрге арналған концерт» (1-ші бөлім) Скрипкада Маюко Кацумура;
  2. Евгений Брусиловский «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» балетінен жеке орындау

    Скрипкада Маюко Кацумура;

  1. Hiroshi Hoshina  «Жарық сәулелеріндегі ойын мен дұға» (гобой мен оркестрге арналған)

Гобойда Кадзухиро Миямура;

Цудзумида (жапон барабаны) Мотидзуки Тасаитиро.

  1. Hiroshi Ohguri  «Баллада» (гобой мен камералық оркестрге арналған)

Гобойда Кадзухиро Миямура.

  1. Александр Арутюнян  «Керней мен оркестрге арналған концерт»

Кернейде Цудзимото Мицукуни.

Жүрегіңізден орын алатын музыка мен өнер сиқырына бойлап, бірегей мәдени оқиғаның куәсі болыңыз!

Біз сіздерді асыға күтеміз!