Қарагөз

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенде қазақ нені меңзеді? Дәстүрге бағынып, сезімді сырт қалдырғанда адамның бақытты болғаны бар ма? Немесе керісінше, махаббат үшін ұлттық таным, салт-санамен санаспағанның шыққан ұшпағы қайсы? Ал тек пен тамырдағы тазалықтың құнын бүгінгі ұрпақ қалай бағалайды?...

Сырым мен Қарагөз... Нарша мен Мөржан... Төрт түрлі таным мен таңдаудың түбі өрімдей ғұмырды өлімге әкелгенде жеткен жеңіс неге трагедиямен тұйықталды? Табиғат пен таным, махаббат пен тауқымет, уақыт пен қоғам, заман мен адам арасындағы тағдыр таласында кім жол тапты, кім адасты?

Міне, спектакль осы сұрақтарға жауап іздейді. Заман алға жылжыған сайын жақұттай жарқырып, құндылығы мен өзектілігін өткірлендіре түскен ұлт жауһарының ұрпағына айтар ұлағатын ұғу үшін жаңашыл форма, тосын көзқарас, тың шешімдер негізінде сахнаға шыққан қойылымның көрерменін де бейжай қалдырмасы анық. Ой – шыңырау... қиял – түпсіз... Тереңіне сүңгіп, асылын тере алсақ, қанеки?!.

М.Әуезов «ҚАРАГӨЗ»

Қоюшы режиссері – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   

Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов

Композитор – Абзал Арықбаев, Жандос Абильдинов

Костюм суретшісі – Алтынбек Ермұхан

Балетмейстер – Асан Бораншы

Хормейстер – Анель Сиргебаева

Режиссердің ассистенті – Айнұр Рахипова

Кейіпкерлер:

Қарагөз – Перизат Жардемова

Мөржан – Мадина Май

Ақбала – Айнур Рахипова

Жарылғап – Сүндет Сарсен

Тұрсын – Азамат Эскулов

Нарша – Елдос Шайкенов

Асан – Жандаулет Батай

Матай – Ернар Жұматаев

Сырым – Данияр Уразаев

⁠Дулат – Бекжан Керімбаев

Қоскелді – Ербол Тлеукенов