Қара пима
Автор: Ұлықбек Есдәулет
Премьера күні: 3-4 сәуір 2021 жыл
Қоюшы режиссер: Айдын Салбанов
Қоюшы суретші: Айгерім Амантай
Музыкамен көркемдеуші: Тимур Ерімбетов
Жанр: психологиялық драма
Жүрегі нәзік ананың дүниеден озуы спектакльдің негізгі аспектісі десек, әрі қарай бақытты отбасының тыныс-тіршілігі қалай болатынын елестету мүлдем қиын. Анасының махаббатына бөлене қоймаған жас баланың болашағы қаншалықты бұлыңғыр? Өз перзентіне көңіл бөлмейтіндей әкенің санасын улап, жіпсіз байлаған қандай құмарлық дерт? Иә, күндіз-түні көз жасы сорғалаған баланың ішкі жан дүниесі – мұңға, өкінішке толы.. Әкесінің перзентіне бүйрегі бұрмай, алтын уақыттың қадірін білмей, ақыл-ойдан адастыратындай дертті қандай қара жүрек ойлап тапты екен, құдай-ау?! Әлде қанға сінген қоғамның дерті ме?! Осы дүрбеленді сұрақтар шешімін қойылымнан табатын боласыздар..
Рольдерді сомдаушы:
1.Бала-Бекжан Қайроллин
2.Анасы-Айнагул Өлмесекова, Жанар Кемалбаева
3.Әкесі-Есет Оразалин,Айдос Нұрмағамбетов
4.Көрші апа-Майра Ильясова«ҚР Мәдениет саласының үздігі»
5.Әкесінің досы-Нұрсұлтан Айтқалиев,
Кеңес Кемалбаев«ҚР Мәдениет саласының үздігі»
6.Дәрігер-Роза Ерболатова, Жанна Өтеген
7.Көпшілік сахнада: Серік Қонысбаев, Рахат Төрежанов, Нұрсұлтан Есет, Аслан Төлентай
Театр директоры – Сайлау Қамиев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
Көркемдік жетекші - Елтай Кемал «ҚР «Дара» төсбелгісінің иегері»