Қара пима

Қара пима

Автор: Ұлықбек Есдәулет  

Премьера күні: 3-4 сәуір 2021 жыл

Қоюшы режиссер: Айдын Салбанов

Қоюшы суретші: Айгерім Амантай

Музыкамен көркемдеуші: Тимур Ерімбетов

Жанр: психологиялық драма

 

 

 

 

 

Жүрегі нәзік ананың дүниеден озуы спектакльдің негізгі аспектісі десек, әрі қарай бақытты отбасының тыныс-тіршілігі қалай болатынын елестету мүлдем қиын. Анасының махаббатына бөлене қоймаған жас баланың болашағы қаншалықты бұлыңғыр? Өз перзентіне көңіл бөлмейтіндей әкенің санасын улап, жіпсіз байлаған қандай құмарлық дерт? Иә, күндіз-түні көз жасы сорғалаған баланың ішкі жан дүниесі – мұңға, өкінішке толы.. Әкесінің перзентіне бүйрегі бұрмай, алтын уақыттың қадірін білмей, ақыл-ойдан адастыратындай дертті қандай қара жүрек ойлап тапты екен, құдай-ау?! Әлде қанға сінген қоғамның дерті ме?! Осы дүрбелеңді сұрақтар шешімін қойылымнан табатын боласыздар..

Рольдерді сомдаушы:

  • Бала – Бекжан Қайроллин
  • Анасы – Айнагүл Өлмесекова, Жанар Кемалбаева
  • Әкесі – Есет Оразалин, Айдос Нұрмағамбетов
  • Көрші апа – Майра Ильясова
  • Әкесінің досы – Нұрсұлтан Айтқалиев, Кеңес Кемалбаев
  • Дәрігер – Роза Ерболатова, Жанна Өтеген Көпшілік сахнада: Серік Қонысбаев, Еламан Досжан, Нұрсұлтан Есет, Аслан Төлентай.

Театр директор м.а – Олжас Қанатұлы Ибраев
Көркемдік жетекші - Нұрлан Сматұлы Бөкенов