rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Қаныш

канышШығарылған жылы: 2022

Өндіріс елі: Қазақстан

Дистрибьютор: Aray Media Group

Режиссерлері: Еран Нұрмүхамбет

Актерлер: Әсет Есжан, Анна Оразбаева, Максим Горбанев, Айдос Әуесбаев

Жанр: өмірбаяндық драма

Ұзақтығы: 101 минут

Жас шектеуі: 12+

Премьера күні: 2 ақпан 2023


 

Сценарий авторлары: Әмір Аменов, Ален Рахметалиев, Еран Нұрмүхамбет

Продюсерлері: Айгүл Байбек, Әсел Ержанова

Қоюшы-Оператор: Аян Базылбек

Қоюшы-суретші: Марат Иманберген

Композитор: Олжас Жақыпбеков

Логлайн: Саналы ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев Отанының өркендеуін аңсап,

елінің гүлденуіне бар өмірін сарп етті. Өйткені, Қаныш туған халқының

болашағына балта шапқан қилы кезеңнің куәгері еді...

Синопсис: Атақты ғалым, геолог, туған елінің нағыз патриоты Қаныш Сәтбаевтың заңғар

тұлға екеніне ешкім шүбә келтірмес. Әйткенмен, халқымыздың қасіреті мен жеке

басының трагедиясын және күдікшіл, әрі күмәншіл билікпен күресі біте қайнасқан

«тар жол, тайғақ кешкен» тағдырын қалың көпшілік біле бермейді. Қилы заман

алып тұлғаларды қалыптастыратыны бәрімізге белгілі. «Қаныш» фильмі жас

Қаныш Сәтбаевтың қазақ халқының басына күн туған – ашаршылық, жұт және

қуғын-сүргінмен тұспа-тұс келген еңбек жолының алғашқы қадамына аяқ басқан

өмір жолын баяндайды.

Теглайн: Халқым менен де биік