Иоланта

ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы

ҰСЫНАДЫ

ЖАРТЫЛАЙ КОНЦЕРТТІК ОРЫНДАЛУ

Петр Чайковский

«Иоланта»

Бір бөлімді лирикалық опера

Орыс тілінде орындалады

(қазақ және ағылшын тілдеріндегі синхронды аудармамен)

Генрих Герцтың «Рене патшаның қызы» драмасы негізінде Модест Чайковскийдің либреттосы

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Дирижер және музыкалық жетекші: Руслан БАЙМУРЗИН

Режиссёр: Еренбақ ТОЙКЕНОВ

Бас хормейстер: Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тәлімгер пианистер: Дина МИРМАНОВА, Жанар АХМЕТОВА

Спектакльді жүргізуші режиссерлер: Алтынғаным АХМЕТОВА, Айнұр ХАЛЕЛОВА

Вокал бойынша тәлімгерлер:

Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Иоланта» – Петр Чайковскийдің ең жарқын операсы. Бұл махаббаттың құдіреті дертіне шипа болған зағип қыз туралы ертегі хикаясы. «Иоланта» лирикалық музыкалық драма жанрына тиесілі. Ол 1891 жылғы шілде-қыркүйек аралығында жазылды, бұл – композитордың соңғы операсы. «Мен барлығын жылататын опера жазамын» - дейтін П.Чайковский. Шынымен де, бұл оның қолынан келді – кейіпкерлердің бақыты мен қуанышы үшін көрермендердің көздеріне жас үйірілді.

Опера Генрих Герцтің Ф.Миллер аударып, кейінірек В.Зотов қайта жасаған «Рене патшаның қызы» поэтикалық драмасы бойынша жазылды.

Либреттоға арналған сюжетті «Пиковая дама» жетістігінен кейін танымал либреттошыға айналған композитордың ағасы Модест Чайковский қайта өңдеген. Шындығында, «Иоланта» тұжырымдамасы – бұл, ең алдымен композитордың өзіндік адамгершілік және философиялық құлшынысының көрінісі. Ал либреттошы болса, Чайковскийдің ниетін жүзеге асырған. Ғаламды, ақыл-ойдың нұрын, адамгершілік пен тазалықты дәріптейтін соңғы хор опера идеясының шынайы көрінісіне айналды.

ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының тыңдаушылары үшін П.Чайковскийдің «Иоланта» концерттік орындалуы – бұл опералық әлемдік классика жауһарларын екінші рет сахналық жүзеге асыруы, алғашқысы В.А.Моцарттың «Дон Жуан» спектаклі болған еді.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:

Иоланта      Анастасия РЕМЕСКОВА / Ұлпан ӘУБӘКІРОВА

Водемон      Мерей ҚАДЫРХАНОВ / Шохрух ЮНУСОВ

Бригитта     Фируза РАХМЕТОВА

Лаура          Лейла АЛАМАНОВА / Назым САҒЫНТАЙ

Марта          Гүлжанат САПАҚОВА

Роберт         Сұлтан БАҚЫТЖАН / Бекұлан ЕРБОЛАТҰЛЫ

Альмерик    Нұрсұлтан ӘНУАРБЕК / Талғат АЛЛАБИРИНОВ

Эбн-Хакия Юрица Юрасич КАПУН / Нематилло ЗКРУЛЛАЕВ

Рене патша Валерий СЕЛИВАНОВ

Бертран       Айбек ӘБДІӘШІМҰЛЫ

ASTANA OPERA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ МЕН ХОРЫ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.