HANDEL
«СУ ҮСТІНДЕГІ МУЗЫКА»
концерті
STEPPE MUSIC
оркестрі
Дирижер – Арман Оразғалиев
«Дегдар» гуманитарлық қоры мен STEPPE MUSIC оркестрі талғампаз көрермендерге барокко дәуірінің композиторы Георг Фридрих Гендельдің (1685–1759) ең танымал оркестрлік шығармаларының бірі – «Су үстіндегі музыканы» ұсынады.
Гендель еуропалық композитор болып табылады. Ол Германияда И.С.Бахпен бір жылы дүниеге келген. Италияда музыкалық білім мен тәжірибе алған соң Лондонға қоныс аударып, ағылшын азаматы атанады.
Гендель «Су үстіндегі музыка» сюитасын Темза өзені бойымен жүзуге шыққан мерекелік корольдік кортежге арнап жазған. Гендельдің музыкасына бас иетін Король Георг I осынау әуенге тамсанғаны соншалық, сюитаны кешкі асқа дейін екі мәрте, астан кейін тағы бір рет орындауға бұйрық берген.
«Су үстіндегі музыка» би сипатындағы 20 пьесадан құралған үш сюитадан тұрады. Салтанатты увертюрадан кейін сан алуан стильді би бөлімі жалғасады: менуэттер, бурре, хорнпайптер, ригодон, «ария» деп белгіленген бірнеше баяу бөлімдер және т.б.
Сюита фа мажор (HWV 348)
Overture: Largo. Allegro
Adagio e staccato
Allegro
Menuet
Air
Menuet
Bourrée
Hornpipe
Allegro (no actual tempo marking)
Allegro (variant)
Alla Hornpipe (variant)
Сюита ре мажор (HWV 349)
Allegro. Adagio
Alla Hornpipe
Menuet
Lento
Bourrée
Сюита соль мажор (HWV 350)
Sarabande
Rigaudon
Menuet
Gigue
ОРЫНДАУШЫЛАР:
STEPPE MUSIC оркестрі
Дирижер – Арман Оразғалиев
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.