Scorpions в Алматы

БАРОККО МУЗЫКАСЫНЫҢ ГРАНД-КОНЦЕРТІ

2022 / 2023                    МӘРМӘР ЗАЛЫ                  X маусым

12 сәуір * сәрсенбі * 19.00

 

«АСТАНА ОПЕРА» ҰСЫНАДЫ

 

БАРОККО МУЗЫКАСЫНЫҢ

ГРАНД-КОНЦЕРТІ

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

12 сәуір күні театрдың Мәрмәр залында Барокко дәуірі музыкасының гранд-концерті өтеді. Мәрмәр залының акустикасы барокко музыкасын мінсіз орындауға қажет әуездің кеңістік тереңдігі мен кеңдігін сезінуге ықпал етеді.

Бағдарламада барокко дәуірінің ұлы композиторлары – И.С.Бах, А.Вивальди, Г.Ф.Гендель, Ф.Девьеннің шығармалары шырқалады.

Концертке опера солистері – сопрано, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл НИЯЗОВА мен Гүлдана АЛДАДОСОВА, тенор Нарұл ТОЙКЕНОВ, сондай-ақ «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі мен оркестр солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамиля МАХПИРОВА (гобой), Әсет НЕЛДІБАЕВ (фагот), Сәния СМАҒҰЛОВА, Аида САҒАДИ, Жәния МҰХИТДИНОВА, Жәңгір ҚОСЫМБАЕВ (гобой), Жәния БОЛАТОВА (скрипка), Курванжан АХАТОВ (виолончель) қатысады.

 

Концерт қонағы – дирижер Тамара МИЛОВАНОВИЧ (Сербия).

 

Жоба авторы, фестивальдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН.

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.