rebranding

КӨКТЕН ТӨГІЛГЕН ДАУЫС

Концерт

КӨКТЕН ТӨГІЛГЕН ДАУЫС

Солист – Сергей Егерс (контратенор, Латвия)

Фортепиано партиясы – Иева Шмите-Мисиня (Латвия)

11 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының Камералық залында латвиялық әнші-контратенор Сергей Егерстің концерті өтеді.

Сергей Егерс вокал мамандығы бойынша Язеп Витол атындағы Латвия музыка академиясын (2003) және магистратураны профессор К.Зариньштың сыныбында бітірді.

Швейцарияда Андреас Шоллдың және Францияда Роберт Экспердің  шеберлік сабақтарына қатысты. Ән айтудағы еңбек жолы академия жанындағы опера студиясында 2000 жылы басталды, Латвияда жиі концерттер өткізеді.

2003 жылы Латвия ұлттық операсының сахнасында А.Рубинштейннің «Демон» операсында Періште рөлін сәттілікпен орындап, 2005, 2007 жылдарда жеке концерттерін берді. Финляндиядағы Савонлинн опера фестивалінде гастрольдік сапарда болды (2004).

Оның репертуарында К.В.Глюктің «Орфей және Эфридика» операсынан Орфей, «Ринальдо» операсынан Ринальдо, Г.Ф.Гендельдің «Алчина» операсынан Руджеро партиялары, сондай-ақ А.Вивальди, Дж.Б.Перголези, И.С.Бах және Г.Перселлдің кантата, месса, одаларынан партиялар бар.

Әлемнің 14 елінде гастрольдік сапарда болды, Уэльстегі ВВС каналының «Әлем әншісі-2005» байқауының финалисті, Санкт-Петербургтегі Лучиано Паваротти атындағы халықаралық тенорлар байқауының жартылай финалисті (2008). Орындауындағы әндерінен үш күйтабақ шығарды. Ол жайлы «С тобой на «ты» атты деректі фильм де түсірілді (режиссері Д. Симанис). 2009 жылдан бастап Латвия академиясында көне музыка пәнінен сабақ береді.

Әншімен бірге оның тұрақты концертмейстері Иева Шмите-Мисиня өнер көрсетеді. Ол – Латвия радиосының хоры және Латвия мемлекеттік академиялық хоры құрамымен көптеген музыкалық жобаларға қатысты.

 

Концерт бағдарламасында:

К.В.Глюк:

«Орфей мен Эвридика» операсынан Орфейдің «Мен Эвридикадан айырылдым…» ариясы

 

Г.Ф.Гендель:

«Ксеркс» операсынан Ксеркстің «Нәзік, қою жапырақтар…» ариясы

«Ринальдо» операсынан Альмиренаның «Қайғымды көз жасыммен жуармын» ариясы

«Альцина» операсынан Руджероның «Жаныма жылу сыйлаған» ариясы

«Альцина» операсынан Руджероның «Көк шалғын» ариясы

 

А.Лотти. «Ақыры, жүрегіме жетті сөзің»

Дж.Каччини. «Амариллис, сұлуым менің» әні

Дж.Каччини. «Ave Maria»

В.Беллини. «Ғашық айым» әні

 

Латвия композиторларының рождество әндері:

З.Лиепиньш. «Vina zvaigzne» («Оның жұлдызы»)

З.Лиепиньш. «Sargengelis» («Сақтаушы періште»)

Я.Лусенс. «Ja es butu» («Егер мен болсам»)

Я.Лусенс. «Tris zvaigznes» («Үш жұлдыз»)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады