Scorpions в Алматы

Golden Horn Brass

Астана опера

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 28 қазан, 2023

Уақыты: 19:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. 

 

 

 

 

Түркия Республикасы жариялануының 100 жылдығына орай

Концерт

Golden Horn Brass

Брасс-квинтеті (Түркия)

 

Түркиялық танымал Golden Horn Brass Брасс-квинтеті Түркия Республикасы жариялануының 100 жылдығына орайластырылған үрлемелі музыка кешін тарту етеді. Концерт Астанадағы Түркия Республикасың Елшілігінің қолдауымен өткізіледі.

Goldеn Horn Brass барлық музыканттары – танымал әртістер, халықаралық байқаулардың лауреаттары.

Golden Horn Brass негізін 2004 жылы Бегюм Гекмен қалады және 19 жылдан бері өз мемлекетін елдегі және шетелдегі ең беделді концерттік алаңдарда лайықты түрде таныстырып келеді.

Ансамбль дүние жүзіндегі үрлемелі музыка жанкүйерлерін өз өнерімен үнемі қуантуда. Концерт бағдарламасында классик композиторлардың, замануи авторлардың камералық шығармалары, сондай-ақ түрік халық музыкасы (Ж.Бизе, М.Пенелла, А.Вейсел, М.Кингстон, Ч.Хун, С.Андель, М.Родригес, Дж.Караджа, Мехвеш Ханым және т.б.) орындалады.

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Бегюм ГЁКМЕН (валторна)

Джулиан ЛУПУ (труба)

Дениз ЙАКАР (труба)

Шевдар ӨЗАРСЛАН (туба)

Мехмет АЛИ БАЙДАР (тромбон)

 

Концертке «Астана Опера» әртістері қатысады:

Әсем СЕМБИНА (сопрано)

Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (фортепиано)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.