ГИО ПИКА Алматыда
Гио Пика Ресей рэпері, шын аты - Гио Джиоев. Алғашында әртіс блюздік бағдарламаларымен өнер көрсеткен. Оның алғаш рэп әні «Сыктывкар-кварталдар» деген атау алды. Пика өз тарапынан әндерінің жанрын речитатив ретінде орындалып, ырғақтар салынған шансон деп атайды. 2014 жылы Гио «Фонтанчик с дельфином» әнін жазған. «Комикрайм: ч.1, Черный цветок» атты алғаш альбомі 2016 жылы жарық көрді. Бұл альбомға «Буйно голова», «Ад Колыма», «Закон воровской», «Стая» және т.б. композициялар қатары енген. Бүгінгі таңда Гио топ мүшесі ретінде шығармашылығын жалғастыруда. Әндер музыкасын битмейкер DRZ жазады.
Келесі «Синие камни» дискісін әртістер бір жылдан кейін ұсынып шығарды. Оған Слоетскиймен бірігіп жазылған аттас сингл, сондай-ақ «Черная зона», «В памяти», «Думал и гадал» және тағы басқа 11 ән кірді.
2018 жылы Гио Пика тыңдармандарын «Великан» шағын альбомымен қуантса, келесі жылы оның дискографиясы «Комикрайм» альбомымен толықты. Сол кезде «Меня было мало» (feat. Кравц) бейбебаянының премьерасы өткен еді. Жаңа тректерден басқа Гионың «Два авторитета», «Стая», «Поэт» әндерінің ремикстері де танымал.
2020 жылдың сәуірінде 10 тректерден қамтылған жаңа «Мацони» пластинкасы шықты. Оған «Питер бандитский», «Питер блюз», «Дух тайги» және т.б. әндері кірді.
Музыканттың шығармашылығында басқа әншілермен табысты коллаборациялары да баршылық. Мысалы, рэперлер Эндшпил мен МанТанамен бірге Пика «X2» әнін, ал Slimus атты рэп орындаушысымен «Палево» және «Холодное лето» әндерін жаздырған болатын.
14 ақпанда әртіс Алматының осы жанрын бағалаушыларына арнап өнер көрсетпек. Қапы қалмаңыздар!