rebranding

«Гауhартас»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
 
Күні: 20 сәуір, 2024
 
Уақыты: 18:00
 
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
 
Жас шектеуі: 10+
 
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
 
 
 

 

«Ұлы дала музыкасы» топтамасы

Вокалдық музыка кеші

«Гауhартас»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ

Белгілі әнші, ақын әрі композитор Сегіз серінің шығармашылығына арналған вокалдық музыка кешін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай мен «Астана Опера» театрының солистері ұсынады.

Сегіз серінің (1818–1854) шығармашылығы әлдеқашан халық әндеріне айналған «Гауһартас», «Назқоңыр», «Сәулем-ай», «Ғайни», «Алқоңыр», «Ақбақай» сынды тамаша туындылары арқасында кеңінен танымал. Ол халық әншілігінің көкжиегін кеңейтіп, қазақ вокалдық өнерінің негізін қалады әрі қазақтың сал-серілерінің рухани тәлімгеріне айналды.

Концертте Сегіз серінің әндері, халық әндері және Қазақстанның заманауи композиторларының шығармалары шырқалады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Нарұл ТОЙКЕНОВ (тенор)

Мерей ҚАДЫРХАНОВ (тенор)

Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (баритон)

Концертмейстер – Әділжан ТОЛЫҚПАЕВ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСТЕРІ

Концерт жүргізушісі – Шәмші ЖҰМАМҰРАТ, тарих ғылымдарының кандидаты

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.