ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«ҒАШЫҚПЫН». АЛТЫНШАШ МҰҚАТАЕВАНЫҢ     МОТИВАЦИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

«ҒАШЫҚПЫН». АЛТЫНШАШ МҰҚАТАЕВАНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

Сипаттама

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі, Мәдениет саласының үздігі, тағдырымен талай тыңдарманға шабыт сыйлаған қайсар әнші Алтыншаш Мұқатаеваның «Ғашықпын» атты мотивациялық шығармашылық кешіне шақырамыз!

«Ғашықпын» кешінде туабітті мүгедектігіне қарамастан, өмірдің сынағына сынбаған, өнерге шексіз ғашық Алтыншаш әуезді әндерін шырқап, өмірі мен өнері, қуанышы мен қиындықтары, жетістіктері мен жеңілістері туралы сыр шертеді.

Алтыншаш Мұқатаева - өмірдің сынақтарына қаймықпай, сүйікті ісімен айналысудың арқасында үлкен жетістіктерге жетуге болатынын айқын дәлелдеген талантты қыз. Кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында алуан түрлі өнер сайыстарында бақ сынап, «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз», «Шексіз шығармашылық», «Magic voice», «Париж открывает таланты», «Icon music fest» сынды фестиваль-байқаулардың жеңімпазы атанды.

Кеш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері

Айжан Нұрмағамбетова,

Айзат Қарабек;

халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бауыржан Исаев,

Ербол Тәжібаев және

«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры,

«Birlik» ән-би ансамблінің қатысуымен өтеді.

Шақырылған қонақтар: Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Айдын Жұмабай және «Alem» замануи би балеті.

Осы жайлы кешті бізбен бірге өткізіңіздер!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Qazaqconcert, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1

  • Күні

    29 қазан 2024

  • Басталуы

    19:30

  • Ұзақтығы

    90 минут

  • Тұрақ

    бар

  • Жас шектеуі

    6+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 29
    Қазан
    Сейс
    QAZAQCONCERT
    Камерный зал
    бастап 1500 ₸
    бастап 1500 ₸