rebranding

Габи Артманн & музыканттар

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
 
Күні: 16 сәуір, 2024
 
Уақыты: 19:00
 
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
 
Жас шектеуі: 10+
 
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
 
 
 

Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен

«Франкофон көктемі 2024» фестивалі аясында

Габи Артманн & музыканттар

концерті

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Әндердің авторы, композитор әрі гитарашы Габи Артманн – 2023 жылы алғашқы альбомы жарық көргеннен кейін джаз чарттарында көш бастап келе жатқан париждік музыкант.

Әншінің орындау стилі – шансон, джаз бен фольктың қосындысы. Ол өзінің саяхаттары кезінде танысқан музыканттардың сүйемелдеуімен француз, ағылшын, португал және араб тілдерінде ән айтады.

Әнші Габи Артманн 14 жылдан бері Армения, Бельгия, Канада, Марокко, Румыния, Тунис және Швейцария елшіліктерімен бірлесіп өткізіліп келе жатқан «Франкофон көктемі-2024» фестивалі аясында өнер көрсетеді. Биыл фестиваль 1-21 сәуір аралығында Қазақстанның Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Шымкент қалаларында өтеді.

Габи Артманның дарыны мен париждік тартымдылығы көрермендер залындағы бірде-бір жанды бейжай қалдырмайтынына сенімдіміз.

Габи Артманн

Он төрт жасына дейін классикалық фортепианода ойнауды үйреніп, кейін ән жазумен айналысу үшін ағасының гитарасын қолына алды. Джазға деген қызығушылығы Эми Уайнхауспен және оның Элла Фицджеральд, Фрэнк Синатра, Нэт Кинг Коулдың әндеріне жасаған интерпретацияларымен танысқаннан кейін басталды.

Schola Cantorum мен Консерваториядағы сабақтарға қатыса жүріп, музыкалық білімін жалғастырды, содан кейін Рио-де-Жанейрода өткізген екі жылда бразилиялық музыкамен таныс болды. Бұдан бөлек, Парижге оралмас бұрын ол Лондонда этномузыкатануды меңгеріп, үш тілде он жанрдағы түрлі жобалармен айналысты.

Бразилияға, Оңтүстік Африкаға, Англияға, Нью-Йоркке саяхат жасағаннан кейін 2018 жылы продюсер Джесси Харриспен танысып, онымен бірге өзінің алғашқы жеке альбомын жазды. Содан бері олар Париж бен Нью-Йоркте бірлесе музыка шығарып, жазба жасай бастады. Габи өз альбомын дайындау барысында Джейми Каллум мен Мелоди Гардоның өнер көрсетулері алдында сахнаға қонақ ретінде шыққан, сондай-ақ Париждің атақты Duc des Lombards джаз-клубында ән айтты. Оның есімі үлкен қызығушылық тудырып, еркін кербездік пен тартымдылық реңкі бар тамаша қоңыр дауысы шын мәнінде зор танымалдылыққа ие болды.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Габи АРТМАНН (вокал, гитара, Франция)

Элен БОМОН (контрабас)

Брюно МАРМЕ (барабаны)

Флориан РОБЭН (фортепиано)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.