
Модерн дәуіріндегі француз музыкасы
Сипаттама
Фортепианолық дуэттер кеші
Модерн дәуіріндегі француз музыкасы
DUO ELEGANZA
Сара Асабаева Шахизада Құлсейітова
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Рояль шексіз мүмкіндіктер аспабы! Бірақ, тіпті, ең үздік солистің өзінде де екі қол, он саусақ және бір жүрек қана. Ал ол екі еселенген кезде музыкадан оркестр палитрасы төгілмек.
Фортепианолық дуэтпен орындаушылық жанры әуесқой музыкадан кәсіби концерттік өнерге дейінгі күрделі де бұралаң жолында өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қай дәуірде де фортепиано дуэті эстетикалық тәрбие мен музыкалық-концерттік өмірдің жарқын бастамасы болды және болып қала бермек.
Модерн дәуірінің француз музыкасын оның көрнекті өкілдері М.Равель, Г.Форе және Д.Мийо тұлғасында пианистер дуэті Сара Асабаева мен Шахизада Құлсейітова ұсынады.
Олардың жарқын орындауында көпшілік ұнататын француз оркестрлік классикасы шырқалады.
БАҒДАРЛАМА:
М.Равель. «Болеро»
М.Равель. «Аналық қаз» сюитасы
Г.Форе. «Долли» сюитасы
М.Равель. Вальс
Д.Мийо. Екі фортепианоға арналған «Скарамуш» сюитасы, op.165b
ОРЫНДАУШЫЛАР:
DUO ELEGANZA
Сара АСАБАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Шахизада ҚҰЛСЕЙІТОВА, халықаралық байқаулардың лауреаты
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Камералық зал. Қ. Байсейітова)
Күні
2025 жылғы 10 сәуір
Уақыты
19: 00
Ұзақтығы
1 сағат 15 минут
Жас шектеуі
10+
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 10СәуірБейсAstana OperaКамерный залбастап 6000 ₸бастап 6000 ₸