rebranding

Фантазий серебряная нить

2022 / 2023               Камералық зал                   Х маусым

6 мамыр * сенбі * 19.00

 

Камералық музыка кеші

«Фантазий серебряная нить»

 

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

«Фантазий серебряная нить» камералық музыка кешінде неміс романтикалық мектебінің өкілі Роберт Шуманның виолончельге арналған шығармалары танымал қазақстандық музыкант, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының мәдениет және өнер саласындағы лауреаты және халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев пен пианиношы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Алтай Құсайыновтың орындауында шырқалады.

 

Неміс композиторы Роберт Шуманның шығармашылығын оның тұлғалығынан бөліп қарау мүмкін емес. Лейпциг мектебінің өкілі Роберт Шуман музыка өнеріндегі романтизм идеясының жарқын өкілі болған.

«Ақыл адастырса да, сезім ешқашан адастырмайды», өзінің қысқа өміріндегі осы шығармашылық ұстанымына ол адал болып өтті. Оның шығармалары да сондай, басынан өткерген терең сезімдерге – біресе жарқын да асқақ, біресе жұтаң да жабырқаған күйге толы болып келсе де, әр нотасында шындық сайрап тұрады.

 

 

БАҒДАРЛАМА:

Роберт Шуман

Скрипка мен фортепианоға арналған №1 соната ля минор

«Фантастикалық пьесалар», ор.12

Виолончель мен фортепианоға арналған халық стиліндегі 5 пьеса, оp.102

Фортепианолық квартет Es-dur, ор.47

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Халықаралық байқаулардың лауреаттары

Ермек ҚҰРМАНАЕВ (виолончель)

Евгения КАРИМОВА (скрипка)

Гүлнара ТІЛЕУҒАБЫЛОВА (альт)

Фортепиано партиясында – ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Алтай ҚҰСАЙЫНОВ

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.