Өтетін орыны: «Казақстан» ОКЗ
Өтетін күні: 6 ақпан
Басталуы: 19:00
Тұрақ: бар
Жас санаты: 7+
Қосымша:
ЭТНОТЕРАПИЯ СЕРІК НҰРМОЛДАЕВПЕН БІРГЕ
Ұлы даланың мыңжылдық фольклоры мен этникалық музыкасы әрбір жанның жүрегі үшін.
Қазақстанда алғаш рет – «Этнотерапия» бірегей жобасы. Этникалық музыканың көне, сиқырға толы дыбыстары арқылы түп-тамырыңыз бен болмысыңызды танып біліңіз. Этнотерапияда музыканың күш-қуаты санаңызды күйбең тіршіліктен алыстатып, мүлдем басқа әлемге жетелейді. Этнотерапия тыңдарман тарапынан арнайы дайындықты қажет етпейді. Екі сағаттың ішінде біз бірлесіп қазақ халқының ежелгі әуендеріне тән философиялық танымды зерделеп, ата-бабаларымыздан жеткен этникалық әуендердің фольклорлық мәдениетімен танысамыз.
Билет қайтару шарттары: танысу