«Элегиялық көңіл-күй»

настроениеӨтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 4 қараша, 2023

Уақыты: 18:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

«Bel Canto музыкалық салоны» топтамасы

«Астана Операның» Камералық залында       «Bel Canto музыкалық салоны» топтамасы аясында «Элегиялық көңіл-күй» камералық музыка кеші өтеді.

Ақындар алтын күз ретінде жақсы көріп, жырлайтын кезең элегияның лирикалық музыкалық жанрымен үндес келеді. Элегия – бұл жарқын мұңның сарыны бар лирикалық ән-толғау. Күзде біз өткен жазды ойлап, сол уақытта қалған бақытты кездесулер мен назды қоштасулар туралы естеліктерге бой алдырамыз.

Концертте элегиялық сипаттағы вокалдық, аспаптық және поэтикалық шығармалар орындалады. Қазақстандық авторлардың, сондай-ақ Р.Шуман, А.Дворжак, Ж.Массне, П.Чайковский, Н.Римский-Корсаков, С.Рахманинов және басқа да композиторлардың тамаша музыкасын опера солистері мен аспапшы музыканттар орындайды.

КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСАТЫНДАР:

Ғалия БАЙҒАЗИНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)

Әсем СЕМБИНА (сопрано)

Артур ГАБДИЕВ(тенор)

Азат МӘЛІК, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (баритон)

Мақпал БЕКМАҒАМБЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

Асқар МҰҚАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (виолончель)

Балжан САПАРОВА (флейта) 

Дархан ТҮЗЕЛБЕКОВ (валторна)

Фортепиано партиясы – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жүргізуші – Сәуле МӘУЛЕТОВА