«Түймеқыз»
Бәріміздің жүрегімізге жақын және таныс Г.Х. Андерсен ертегісінің өзгертілген нұсқасы.
Жаңа кейіпкердер қосылып, әндердің баурағыш үні арта түспек. Қойылымда штокты қуыршақтар және жанды орындау ұсынылады. Оқиға желісі бәрімізге таныс кейпінде өзгертілмей қалады. Бір күні сиқырлы гүлдің ішінен кішкентай қыз пайда болыпты, оған Түймеқыз деген ат беріліпті. Гүлдер алаңында Түймеқыз перілер және көбелектермен бірге беймаза өмір сүріп жүргенде, кенеттен үлкен бақа қызды ұстап, батпақ көлдеріне алып кетеді. Бейкүнә Түймеқыздың арман жолында көптеген сынақтар мен қиындықтар пайда болады. Ал оның арманы - керемет Эльф ханзадасын кездестіріп, қанат тауып, ертегі шаһарына ұшып кету.
Армандардың барлығы бір күні орындалатыны хақ. Ең бастысы - бұған кәміл сеніп, шын жүректен қалау!