«Топон» Драмасы

Өтетін орны: драма театры. М. О. Әуезова

Спектакльдің авторы: Сұлтан Раев

Қоюшы Режиссер: Динара Қыдырмаева

Сахналаушы: Шаршебек Шейшенов

Жанр: драма

Жас шектеуі: 

Қосымша:

 

 

 

Өзін ген-инженерияның ғалымы деп санайтын Ян Вильмут жаңа дәуірді, адамзаттың жаңа ұрпағы мен өркениетін жасау мақсатында, қоғамның өмірін адамды клондау арқылы рационалды түрде өзгерте бастайды. Алайда, Құдыретті күшке ұнамайтын бұл іске Янның досы Кхе үнемі қарсы тұрады. Нәтижесінде бақылаудан шығып кеткен клон-адамдар саны көбейеді де, олар шабуылға шығып, қоғамға қауіп тудырады. Жер бетінде бетімен кетушілік басталады да, Құдыретті күшті мойындамау белең алып, табиғат заңдарына қарсылықта біржынысты некелер пайда болып, дүние-ғалам мен тіршіліктің бастапқы құрылымы бұзылады. Мұның бәріне куәгер болған Құдыретті күш дүние-ғалам мен тіршіліктің бастапқы құрылымын сақтау мақсатында топан су жібереді. Одан тек Кхенің отбасы ғана аман алады. Өмір үшін күресте Кхэ мен оның әйелі ұлы Этихпен қызы Дунаға өмірдің табиғаты мен заңын, адамдық шындықты түсіндіруге тырысады. Бірақ, табиғаттың заңы зұлымдықты тоқтата алмайды, ақыры өз баласы анасын зорлап, әпкесі Дунаға қосылып, мүйізді шайтан бала дүниеге келеді. Ал анасы өз өмірін ішіндегі піспеген ұрықпен аяқтайды. Ұлы мен қызы немересімен бірге әкесі Кхенің өзін жейді. Жерде өмір бар, жерде өлім бар, азап бар, жерде жұмақ бар. Әлемнің құрылымы осындай. Бұл дүниеде мәңгілік ештеңе жоқ!

«Топон» романы Швеция астанасы Стокгольм қаласында өткен дүниежүзілік жазушылар байқауының Гран-при иегері.