ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Double reed» №2

«Double reed» №2

Сипаттама
Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera Күні: 11 мамыр, 2024 Уақыты: 19:00 Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут Жас шектеуі: 10+ Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады. «АСТАНА ОПЕРА» ҰСЫНАДЫ Double-Reed фестивалі Екінші концерт КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ «Астана Опера» театры классикалық музыка сүйер қауым назарына дәстүрге айналған Double-Reed («Қос түтік») фестивалі аясындағы екінші концертін ұсынады. Қос түтікті үрлемелі ағаш аспаптар (қамыстың ерекше түрінен жасалған екі жапырақты пластинкадан тұратын дыбыс шығаратын құрылғы) – бұл гобой, ағылшын кернейі, фагот және контрфагот. Double-Reed фестивалінің екінші концерті фаготқа және осы аспапқа арнайы жазылған музыкаға арналған. Концерттерге бастамашылық еткен концертмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамиля Махпирова (гобой) және Әсет Нелдібаев (фагот). Бағдарламада фаготқа арнайы жазылған үздік әрі танымал шығармалармен бірге сирек орындалатын туындылар да шырқалады. Дәстүр бойынша концерттің үзілісі кезінде маэстро Абзал Мұхитдин өнер сүйер қауымды кофе-брейкке шақырады. БАҒДАРЛАМА И.Б.Ванхаль. Екі фаготқа арналған концерт, фа мажор А.Вивальди. Оркестр мен фаготқа арналған концерт, фа мажор К.Вебер. «Венгерская фантазия» Й.Гуммель. Гранд концерт, финал Ф.А.Бервальд. Оркестр мен фаготқа арналған концертштюк, фа мажор Э.Элгар. «Романс» Ә.Әбдінұров. «Аққу домбыра» Екі бөлімнен тұратын концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрінің солистері – фаготта орындаушылар қатысады: Әсет НЕЛДІБАЕВ Шернияз НАЗАРОВ Думан ҚОСЖАНОВ (контрфагот) Сондай-ақ жас музыканттар – халықаралық байқаулардың лауреаттары – фаготшылар: Владимир АРДАШЕВ Ринат ИСАКОВ Әли БОЛАТБЕК Ержан АБДУЛЛА Дамиля МАХПИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (гобой) «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ Жоба авторы және дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН «Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    11 мамыр, 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 40 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 12
    Мамыр
    Жекс
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 4000
    бастап 4000