«Double reed» №1
Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
Күні: 11 мамыр, 2024
Уақыты: 19:00
Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут
Жас шектеуі: 10+
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
«АСТАНА ОПЕРА» ҰСЫНАДЫ
Double-Reed фестивалі
Бірінші концерт
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
«Астана Опера» театры классикалық музыка сүйер қауым назарына дәстүрге айналған Double-Reed («Қос түтік») фестивалі аясындағы екі концерттің біріншісін ұсынады.
Қос түтікті үрлемелі ағаш аспаптар (қамыстың ерекше түрінен жасалған екі жапырақты пластинкадан тұратын дыбыс шығаратын құрылғы) – бұл гобой, ағылшын кернейі, фагот және контрфагот.
Түтікпен белсенді ойнаған кезде ол дәлме-дәл екі қойылымға жетеді, сондықтан да қос түтікте ойнайтын музыканттардың жүктемесі ауыр әрі оркестрдегі орны ерекше құрметті болып табылады. Сондықтан гобой орындайтын «ля» нотасымен бүкіл симфониялық оркестр күйге келтіріледі – гобойдың дыбысы бұрауы бұзылуға бейімділігі ең төмен деп есептеледі.
Концерттерге бастамашылық еткен концертмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамиля Махпирова (гобой) және Әсет Нелдібаев (фагот).
Кеш бағдарламасында қос түтігі бар аспаптарға арнайы жазылған үздік әрі танымал шығармалармен бірге сирек орындалатын туындылар да шырқалады. Олардың арасында «Жди меня» бағдарламасын көркемдеген, сондай-ақ «Миссия», «Гарри Поттер» фильмдерінен өте танымал музыка бар.
Дәстүр бойынша концерттің үзілісі кезінде маэстро Абзал Мұхитдин өнер сүйер қауымды кофе-брейкке шақырады.
БАҒДАРЛАМА
А.Вивальди. Оркестр мен гобойға арналған концерт, до мажор
А.Вивальди. Оркестр мен екі гобойға арналған концерт, ре минор
А.Вивальди. Оркестр мен гобойға арналған концерт, ля минор
А.Вивальди. Оркестр мен екі гобойға арналған концерт, до мажор
В.А.Моцарт. Оркестр мен гобойға арналған концерт, до мажор (1-ші бөлім)
А.Марчелло. Адажио
Р.Уильямс. Оркестр мен гобойға арналған концерт (1-ші бөлім)
Л.Лебрун. Оркестр мен гобойға арналған концерт, ре минор (1-ші бөлім)
П.Чайковский. «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы (А.Рубцовтың гобойға арналған транскрипциясы)
Э.Морриконе. «Миссия» кинофильмінен «Гобой Габриэля»
Р.Штраус. Оркестр мен гобойға арналған концерт, ре мажор (1-ші бөлім)
С.Әбдінұров. «Отырар» (екі гобой мен ішекті аспаптар оркестріне арналған)
С.Әбдінұров. Трансфигурейшн
Ә.Әбдінұров. «Жайдарман» (екі гобойға ыңғайланған)
Ә.Әбдінұров. «Аққу домбыра»
Қ.Шілдебаев. «Отан Ана» (гобойға ыңғайланған)
Д.Уильямс. «Гарри Поттер» кинофильмінен музыка фрагменті
Екі бөлімнен тұратын концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрінің солистері – гобойда орындаушылар қатысады:
Дамиля МАХПИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Нұргүл САПАРОВА, «Құрмет» орденінің кавалері
Рахматали БЕКБАБАЕВ
Алмат ЖАЙЛАУБАЕВ
Сәния СМАҒҰЛОВА
Дария ТУРАБЕКОВА
Жәния МҰХИТДИНОВА
Сондай-ақ жас музыканттар – халықаралық байқаулардың лауреаттары – гобойшылар:
Жанна БУСТЕКБАЕВА
Аида САҒАДИ
Ильмира АРДАШЕВА
Наргиз КУНАБІЛ
Жәңгір ҚОСЫМБАЕВ
Айнұр ДАУРБАЙ
Мадина МҰСАБЕКОВА
Тамерлан АБДИБЕКОВ
Жәнел ҚОСЫМБАЕВА
Арина ГЮНТЕР
Адижан СМАҒҰЛОВ
Азали ТОҒАЙБАЕВА
«Голден қыздар» триосы:
Индира ИГІЛІКОВА, Еңлік ШАЙЗАДА, Тоты ҚАБДЫЛАХМЕТ
Әсет НЕЛДІБАЕВ (фагот)
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Жоба авторы және дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді