Scorpions в Алматы

Қазақстан композиторларының хорға арналған музыкасынан концерт «И, конечно, побеждать лучше хором!» («Көппен көрген жеңістің жөні бөлек»)

2022 / 2023                    Күләш Байсейітова атындағы камералық зал          X маусым

14 шілде * жұма * 19.00

 

«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ АЯСЫНДА

 

Қазақстан композиторларының хорға арналған музыкасынан концерт

«И, конечно, побеждать лучше хором!»

(«Көппен көрген жеңістің жөні бөлек»)

 

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

 

«Астана Опера» театрының Камералық хоры астана тұрғындары мен қонақтарына  «И, конечно, побеждать лучше хором!» («Көппен көрген жеңістің жөні бөлек») концертімен мерекелік бағдарлама ұсынады.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының хор ұжымы мен оның бас хормейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов – республикада ғана емес, көптеген шет мемлекеттерде танымал.

Ұжым жуырда ғана Польшада өткен «Хайнувка-2023» ХL Халықаралық фестивалінен үшінші рет жеңімпаз атанып оралды.

Фестиваль аяқталған соң біздің әртістеріміз оның қатысушыларына, сондай-ақ Варшава тұрғындары мен қонақтарына концерт беріп, қазақтың ұлттық әндерін, заманауи ұлттық және батыс еуропалық авторлардың туындыларын шырқады.

Хор аспаптың сүйемелдеуінсіз – «а капелла» өнер көрсетеді, бұл хор ұжымынан да, хормейстерден де жоғары орындаушылық мәдениетін талап етеді.

 

БАҒДАРЛАМА:

Мыңжасар Маңғытаев. «Қаратау мақамдары» сюитасынан «Қырмандағы айтыс»

Бақытжан Байқадамов. «Көкек»

Еркеғали Рахмадиев. «Қамар сұлу» операсынан «Хорал»

Қазақтың халық әні «Япурай» (хорға арнап өңдеген – Бейбіт Ақош). Солист – Абылай Бекен

Сәкен Сейфуллин. «Тау ішінде» (өңдеген Б.Демеуов)

Серікжан Әбдінұров. «Күй»

Ғазиза Жұбанова. «Жалғыз емен»

Қазақтың халық әні «Он алты қыз» (өңдеген С.Бекмағамбетова)

Әліби Әбдінұров. «Қуырмаш»

Қазақтың халық әні «Маусымжан» (өңдеген Г.Берекешев)

Джейк Рунестад. «Nyon-nyon»

Лерой Андерсон. «Plink, plank, plunk»

Шәмші Қалдаяқов. «Арыс жағасында» (өңдеген А.Молодов)

Қазақ әндері тақырыбына попурри (хорға арнап өңдеген Е.Коробейникова)

 

«АСТАНА ОПЕРА» МЕМЛЕКЕТТІК ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ КАМЕРАЛЫҚ ХОРЫ

 

Бас хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Хормейстер – Дәурен МУСИН

 

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.