Scorpions в Алматы

«МАМОНТ МЕКЕНІ» жаңажылдық цирктік этно-шоуы Астанада

астана бриллиантовый цирк астана якутияӨтетін орны: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 5, Астана циркі

Күні: 16 желтоқсан, 2023

Басталуы: 16:00

Әртістер: акробаттар, эквилибристер, әуе гимнасттары, жонглерлер, иірімді қыздар, балет әртістері және көңілді сайқымазақтар

Тұрақ: бар

Жас шектеуі: 0+

Қосымша: Іс-шара басталғанға дейін циркке кіру 1 сағат бұрын жүзеге асырылады. Киіну бөлмесіне сырт киімді тапсырып, өз орындарын алу үшін алдын ала келуіңізді сұраймыз. Көңілді уақыт!

4 жасқа дейінгі балалар тегін! Орын берілмейді! (егер ересек билет болса, бір ересек адамның сүйемелдеуімен 4 жасқа дейінгі бір бала кіре алады.)

 

Елордалық циркімізде алғаш рет - «МАМОНТ МЕКЕНІ» цирктік этно-шоуы Якутияның керемет циркінің орындауында.

Шамандардың даң қағу дыбыстарының сүйемелдеуімен сіздер әп сәтте саха халқының пайда болу кезеңдеріне, мамонттар жер бөктерлерін мекен еткен кездеріне, ұлы табиғат пен жануар әлемінің көркемдігіне, әсем Солтүстіктің байлықтарына саяхатқа аттанасыздар. Сіздерді тепе-теңдікті ұстай білу, шапшаңдық, иірімділік өнерін жетік меңгерген акробаттар, эквилибристер, әуе гимнастары, жонглерлер, иірімді қыздар, балет әртістері мен көңілді сайқымазақтар таңғалдыруға дайын.
Тек қана біздің этно-шоуда сіздер алып мамонт пен оның кішкентай төлін тамашалайтын боласыздар!
Осы жобаға арнайы 200 эксклюзивті авторлық костюмдер, керемет барьерлік жол, жарқын бірегей декорациялар, 60-тан астам түрлі жанрда өнер көрсететін цирк әртістері, жарық эффектілері, белсенді ерекше музыка - осының барлығы ұмытылмас ғажайып атмосфераны құрастыруға құралған. «МАМОНТ МЕКЕНІ» цирктік жаңа этно-шоуы сіздерге шаттық, жарқын тамсану және нағыз мерекелік сезімдерді сыйлайды! 
Этно-шоуды құрастыруда халықаралық деңгейдегі кәсіпқойлар командасы жұмыс атқарды.