Scorpions в Алматы

2020/2021           Камералық зал           VIІІ маусым

4 қараша * сәрсенбі * 19.00

 

 

«Абай әлемі» топтамасынан концерт

«Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...»

 

Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Астана Опера» театры «Абай әлемі» топтамасынан «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...» концертін өткізеді.

Абайдың музыкалық-поэзиялық мұрасы – халық қазынасы, оның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» өлеңдері барлық ғашықтардың әнұранына айналған.

Концерт бағдарламасында Абай әндері Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев сынды композиторлардың өңдеуінде ұсынылады. Алғаш рет «Астана Операда» Абай өлеңдеріне шығарылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық топтамасы орындалатын болады.

 

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Шахимардан ӘБІЛОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (баритон)

Жан ТАПИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)

Дина ХАМЗИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано)

Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)

«Бозайғыр» қобызшылар квинтеті

Фортепиано партиясында – Раушан БЕСКЕМБИРОВА

 

 

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут

 

 

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады