Бір түп алма ағашы
«Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы - туған ауыл, өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға жетелейді. Ауылда науқас баласымен қалған ана мен қалада тұратын балаларының кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, еріксіз мұңға бөлейді.Психологиялық драманы көре отырып, әрбір көререннің туған ел ғана емес, туған шаңырақ пен ата-ана алдындағы перзенттік парызы атойлап шыға келеді.Басты кейіпкер Ана мен оның мүгедек баласы, қаладан келгенүлкен ұл, тұрмыстығы қыздар мен күйеу балалар- сан түрлі мінез-құлықтың иелері. Көрерменге көп ой салып, жанарына жас үйірілтетін осындай шығарма жан дүниенің таза болуына үндейді.
Рөлдерді сомдаушы:
Дәметкен ана - Шалқия Бақытжанова ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР «Құрмет» орденінің және «Облысқы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Майра Ілиясова ҚР Мәдениет саласының үздігі
Ерғали- Кеңес Кемалбаев ҚР Мәдениет саласының үздігі, Сержан Аманқұлов ҚР Мәдениет саласының үздігі
Әлия - Майгүл Мұзбаева ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР «Құрмет» орденінің иегері, Толқын Жандыбаева «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
Ләйла – Роза Ерболатова ҚР Мәдениет саласының үздігі, Айгүл Оразалина ҚР Мәдениет саласының үздігі,
Мақсат – Нұрсұлтан Есет, Бекжан Қайроллин, Шыңғыс Телманов
Тұрсын – Абзал Құдайбергенов ҚР Мәдениет саласының үздігі
Зарқымбек – Қазихан Балдаиров ҚР Мәдениет саласының үзідігі, Әсет Оразалин ҚР Мәдениет саласының үзідігі, Дәметкен Құсайынова ҚР Мәдениет саласының үздігі