Energy Fest
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.
Ғ. Мүсірепов атындағы ТЮЗ

Бір түп алма ағашы

Билет сатып алу

Бір түп алма ағашы / ТЮЗ Мусрепова

Өтетін орыны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 38, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Премьера күні: 14 қаңтар 2016 жыл

Автор: Әлімбек Оразбеков

Қоюшы режиссёр: Мұрат Ахманов

Қоюшы суретші: Серікқан Омаров 

Жанр: Драма

Ұзақтығы: 1 сағат 40 минут

Жас санаты: 16+

 

Күтімсіз гүл де солады, ағаш та қурайды.

Мейірім нәрін молынан сіңірген мәуелі ағаш жемісін көбірек салады. Күретамырдан тараған қуат күшін әр бұта өзіне қажетті мөлшерде ғана қабылдай алмаса, жапырақ сарғаяды, бұта да сынады, алып ағаш та құлайды. Адам да солай… Береке-бірлік, татулық болмаған отбасында жүректің жылуы қайдан болсын?!

«Өмір… Өмір… Өмір бәрібір өз дегенін істемей қоймайды. Тағдырмен күресу үшін, таусылмас күш, талмас қажыр-қайрат керек.Адамдар ержетіп, шаңырақ көтеріп бөлек шыққан соң бір-бірінен суынып, бауырлар бөтенсіп кетуі керек пе? Ондай заңды кім шығарды?! Әлде, бұл – табиғаттың заңы ма?.. Олай болса, ондай заңның көк тиынға керегі не?!..»

Құрметті көрермен!

Міне, осындай сұрақтарға жауап іздегіңіз келсе, оқиға төркіні бір отбасының төңірегінде өрбитін «Бір түп алма ағашы» драмасын көруге келіңіздер!