«Гамлет. Дат ханзадасы» балеті

Өтетін орны: Алматы қ., Almaty Theatre

Күні: 12 наурыз 2024

Уақыты: 19:00

Жанр: балет

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Жас шектеуі: 6+

Автотұрақ: бар

Қосымша:

1 АКТ

Дат ханзадасы оқуын тоқтатып, патшаның кенеттен қайтыс болуына байланысты туған жері Эльсинорға қайта оралады.

Гамлеттің анасы әкесінің қайтыс болуынан кейін аз уақыт өте келе өзінің қайын ағасы Клавдийге тұрмысқа шығуы кейіпкер үшін қайғы үстіне қайғы болады. Анасының қаралы жарасы жазылмай жатып, жаңа тұрмыс құрғаны ауыр соққы болды.

Гамлеттің жан дүниесі сатырлап: «Дүниедегі баршылық неткен қараланған, керексіз, мағынасыз еді! Неткен жексұрын көрінеді!»

Әкесінің әруағы Гамлетке қорқынышты зұлымдық туралы айтып берді. Король гүл бағында жайбырақат демалып жатқанда, оның ағасы құлағына у құйған екен. «Осылайша туған ағамның қолынан бір сәтте өмірімнен де, тәжімнен де, патшайымымнан да айырылдым!». Әруақ Гамлеттен ол үшін кек алуды сұрайды. «Қош бол, қош бол! Мені есіңнен шығарма!».

Гамлет әлемі алай-дүлей болады. Ол кек алумын деп ант суын ішеді.

Эльсинор сарайының тығырықтарынан шығып, оның барлық тұрғындары патша залына келеді. Менуэт үні естіледі. Сарай қызметшілерінің үйлесімді хоры патшалықты мадақтап жатады.


2 АКТ

Бұл арада патшаның жақын ақсүйегі, сарай министрі Полоний өзінің қызы Офелияны Гамлетке жібереді...

Патшаны қорқыныш азаптап, ар-ұяты жібермейді. «Күнәм неткен ауыр еді!» деп лажданып, Клавдий дұғалармен өзін ақтамақшы. Гамлет патшайым анасының жатын бөлмесіне бара жатады, алайда патшаны жұға ету сәтінде өлтірмеуді шешеді.

Полоний патшайымның кішкене бөлмесінде жасырынады... Гертруда мен Гамлеттің арасында қызу жанжал орын алады. Гамлет жүрегі ашуға толысады. Жан күйзелісі оның жүрегін азапқа салып, аузынан шыққан сөздерін ащы етеді.

Полоний өзінің жасырынып отырған жерін білдіріп қояды, Гамлет оны қолы қанға боялған патша деп санап, «Сатқын!» деп айқайға басып, оны қылышпен жаралайды. Гертруда баласына жанашыр болуын жалбарынады.

Кенет әруақ пайда болады... Ол патшайымға аяушылық білдіруді талап етеді. Патшайым Полонийдің ажал құшқанына сенімді.

Әкесінің Гамлет қолынан өлімі тапқаны және сүйікті әпкесі Офелияның есінен танғаны туралы естіген Лаэрт кек алуды көздейді. Патша барлық бақытсыздықтардың кінәсін Гамлетке артады. Патшаның зұлым жоспары - көзі ызамен байланған Лаэртті Гамлетпен жекпе-жекке тарту, ал Гамлеттің өлетініне сенімді болу үшін қылыштың ұшына у жағып қоюды көздейді! Лаэрт бұл ұсынысына келіседі.

Офелия есінен танып, долы өзеннің жойқын ағынында ажал құшады.

Гамлет шын жүректен қайғырады, себебі оның Офелияға деген сезімдері шынайы әрі терең еді.

Клавдий Гамлеттен құтылу үшін улы шарап дайындайды.

Жекпе-жек кезінде Лаэрт Гамлетті жаралап, олар қылыштарын алмастырады. Гамлет Лаэртке соққы береді. Патшайым баласының жеңісіне қуанып, байқаусызда улы шарапты ішіп қояды.

Лаэрт өліп бара жатып: «Патша кінәлі!» деп айтып үлгереді.

Гамлет улы қылышымен патшаны жаралайды да, өзі де ажал құшады.

Жамандықтың кегі алынды, алайда есесі неткен ауыр еді!


Рөлдерде:

Гамлет, Дат ханзадасы - Дияр Акенев

Гертруда, патшайым, Гамлеттің анасы - Айнұр Мұқашева

Клавдий, марқұм патшаның ағасы - Әлімұрат Салихов

Марқұм патшаның әруағы- Әлішер Қалыбай

Полоний, сарай министрі - Нұр Дулатұлы

Офелия, Полонийдің қызы - Айя Мелис

Лаэрт, Полонийдің ұлы - Алажар Қарабалаев

Эльсинор сарайының қызметшілері - ҚР ГАТТ балет әртістері


*Балет аудиожазба сүйемелдеуімен орындалады.

*Театр орындаушылардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.

*Көрермендер залында сатып алынған билеттерге сай орналасуды сұраймыз.