Айсұлу (ПРЕМЬЕРА)
Сипаттама
ПРЕМЬЕРА
Сыдық Мұхамеджанов
«Айсұлу»
Екі бөлімді комедиялық опера
С.Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай
Либретто авторлары Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітов
Қазақ тілінде орындалады
(орыс және ағылшын тілдеріндегі синхронды титрлармен сүйемелденеді)
Ұзақтығы 2 сағат 40 минут (бір үзіліспен)
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Айсұлу» операсы заманауи сюжетке құрылған тұңғыш қазақ комедиялық операсы.
Операның түпкі идеясы 1956 жылы Қ.Шаңғытбаевтың өлеңіне жазылған «Әйтеуір сол қыз бір сұлу» танымал әнінен бастау алған. Авторлар тақырыпты жалғастыруды ұйғарады, сөйтіп 1960 жылы Қазақ драма театрында С.Мұхамеджановтың музыкасына драматург Қ.Шаңғытбаев пен оның бірлескен авторы Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» пьесасы қойылады. Кейін композитор осы сюжет негізінде нағыз музыкалық туынды «Айсұлу» комедиялық операсын жазды. 1972 жылы операның екінші редакциясы жасалып, оның сценарийлік драматургиясы комедия жанрының және жалпы операның негізгі заңдылықтарын көрсететіндей қарқынды, жанды болып шықты.
Оқиға желісінде жастардың күнделікті тыныс-тіршілігі, жас ғашықтар Айсұлу мен Серке, сондай-ақ комедиялық екі жұп Хасен мен Әубәкір және Айсұлудың апалары, олардың қызықты оқиғалары, ойдан шығарылған амалдары мен әзіл әрекеттері баяндалады.
Пьесаның комедиялық негізі «Айсұлу» операсының музыкалық драматургиясының заңдылықтарын айқындап берді. Бұл көпшілік хор және ансамбльдік көріністердің үлкен рөлі, көптеген музыкалық көріністердің речитативтік негізі. Бірақ композитор комедиямен бірге лирикалық бастауды алға тартады, ал опера драматургиясын лирикалық және комедиялық жағдайлар мен көріністердің тез алмасып отыруы ерекшелейді.
Сыдық Мұхамеджанов (1924 1991) XX ғасырдағы қазақ музыкасының классигі, республикамыздағы композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор Е.Брусиловскийдің класы) бітірген. Оның алғашқы студенттік жұмысы «Қуаныш отаны» симфониялық күй бірден танымалдылыққа ие болды. Сондай-ақ Абайдың «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» өлеңіне жазылған романс пен «Ғасырлар үні» ораториясы, одан кейін жазылған 4 операсы («Айсұлу», «Жұмбақ қыз», «Ақан сері Ақтоқты», «Қозы көрпеш Баян сұлу»), 4 симфониясы, көптеген кантаталары, хор және симфониялық поэмалары, концерттері, жүздеген әндері мен романстары кең танылды. Ол Қазақстанда оратория («Ғасырлар үні»), комедиялық опера («Айсұлу»), дауыс пен оркестрге арналған концертті жазған тұңғыш композитор.
«Құрмет белгісі» (1959), «Октябрь революциясы» (1974), «Халықтар достығы» (1984) ордендерінің кавалері.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Айсұлу Айзада ҚАПОНОВА, «Құрмет» орденінің кавалері /
Назым САҒЫНТАЙ
Серке Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ / Талғат ҒАЛЕЕВ /
Расул ЖАРМАҒАМБЕТОВ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Жансұлу Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі /
Әсем СЕМБИНА / Гүлдана АЛДАДОСОВА
Нұрсұлу Татьяна ВИЦИНСКАЯ / Салтанат МҰРАТБЕКОВА
Әубәкір Талғат АЛЛАБИРИНОВ / Артур ҒАБДИЕВ / Әлихан ЗЕЙНОЛЛА
Хасен Шыңғыс РАСЫЛХАН, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты /
Ержан САИПОВ
Академик Болат ЕСІМХАНОВ / Валерий СЕЛИВАНОВ
Әбдіқадір Жанат ШЫБЫҚБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Валерий СЕЛИВАНОВ
Сатушы / Милиционер Сұлтан БАҚЫТЖАН / Жәнібек БОЛАТОВ /
Алтынбек ӘБІЛДА, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ ХОРЫ
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Музыкалық жетекші, қоюшы дирижер, музыкалық редактор Абзал Мұхитдин, Қазақстанның халық әртісі
Қоюшы режиссер Еренбақ Тойкенов
Бас хормейстер Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сценографтар және костюмдер бойынша суретшілер
Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /
Павел Драгунов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Көпшілік сахналардың қоюшы хореографы Бостан Қожабеков
Жарық бойынша суретші Сергей Шевченко
Проекциялар бойынша суретші Павел Суворов
Жобаның техникалық жетекшісі Виктор Караре
Опера труппасының директоры Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова
Қоюшы дирижердің ассистенті Руслан Баймурзин
Қоюшы режиссердің ассистенттері Гүлсара Мейрамбекова, Сағыныш Абылқаир
Сценографтардың ассистенттері Ербол Бисенов, Гүлмира Исемғазиева
Бейнепроекциялар бойынша суретшінің ассистенті Азамат Құттығожин
Жарық бойынша суретшінің ассистенті Карим Рамаш
Костюмдер бойынша суретшілердің ассистенттері Дариға Тайшықова, Жанар Момынова
Ноталық материалды компьютерде теру Әлихан Ыдырысов
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)
Күні
29-30 қараша 2024
Уақыты
19:00 және 18: 00
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 29ҚарашаЖұмAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000 ₸бастап 1000 ₸
- 30ҚарашаСенбAstana OperaБольшой зал-6 (БХ)бастап 1000 ₸бастап 1000 ₸