ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«АНАМА ТАҒЗЫМ»

«АНАМА ТАҒЗЫМ»

Сипаттама
Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
Күні: 28 сәуір, 2024
Уақыты: 18:00
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі: 10+
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Тұсаукесер концерт

«АНАМА ТАҒЗЫМ»

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ

«Анама тағзым» тұсаукесер концертін танымал композитор, фольклор зерттеушісі, көмеймен ән айту шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еділ Құсайынов ұсынады. Қазақтың көптеген көне музыкалық аспаптарында шебер ойнайтын мультиаспапшы ретіндегі ерекше қабілеті үшін оны «оркестр адам» деп те атайды.

Концерт бағдарламасында Еділ Құсайыновтың шығармалары орындалады, сондай-ақ оның «Анама тағзым» кітабының тұсаукесері өтпек.

Еділ ҚҰСАЙЫНОВ

1955 жылы Алматыда дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын композиция класы бойынша бітірген. Әйгілі фольклоршы Болат Сарыбаевтың шәкірті, Саха-Якутия, Алтай Республикасы, Хакассия (РФ), Моңғолияда көне аспаптарды ойнаудан тәлім алған. Австрияда өткен Халықаралық байқаудың лауреаты (1998). Жетіген, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобызда және т.б. аспаптарда шебер ойнайды. Көмеймен ән айтудың (вокалдың бірегей түрі) шебері. Оның шығармашылығы фольклор, этно-симфониялық және этно-джаз-рок-музыка жанрларында ұсынылған.

Еуропаға, АҚШ-қа, Азияның көптеген елдеріне гастрольдік сапармен барған.

Австрия, АҚШ, Англия, Норвегия және Қазақстанда компакт-дискілерін шығарған.

«Ілбіс елі» жеке альбомы, «Бұлбұл заман» дискісі атақты ABBEY ROAD студиясында (Лондон) жазылған. «Шыңжаң қазақтарының сыбызғы күйлері» атты сыбызғыға арналған күйлер жинағын шығарған.

«Құрақ көрпе», «Келін» және «Аңшы бала» көркем фильмдерінің, сондай-ақ Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының «Абылай ханның арманы» және «Кем дүние» спектакльдері музыкасының авторы.

ҚР Композиторлар одағының мүшесі. «Мәдени Астана» қоғамдық ұйымы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Қазақ ұлттық музыка академиясының оқытушысы.

БАҒДАРЛАМА:

«Анама тағзым»

«Әке арманы»

«Элегия»

«Шығыс маржаны»

«Терме»

«Тәңір ұмай»

«Қыпшақ жыры»

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Еділ ҚҰСАЙЫНОВ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан және КСРО композиторлар одағының мүшесі.

Ботагөз ТАШИМОВА, республикалық байқаулардың лауреаты (прима-қобыз)

Амина АХМЕТЖАНОВА (скрипка)

Концертмейстерлер Анар МЕЖКЕНОВА, Мадина ТАНКЕЕВА

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera

  • Күні

    28 сәуір, 2024

  • Уақыты

    18:00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 30 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 28
    Сәуір
    ертең
    Astana Opera
    Камерный зал
    бастап 3000
    бастап 3000