Қызыл желкендер (КАТМК)
Автордың революциялық Петроград туралы жазған «романтикалық көркем көрініс» атаушасымен белгіленген А.Гриннің бұл повесі көптеген драмалық нұсқалар мен үш кинофильмдер жасауға негіз болды. Біз өз таңдауымызды М.Дунайскийдің мюзиклінде тоқтаттық, себебі қойылымның музыкалық құраушысының дәл өзі романтикалық көркем көрініс жанры талап ететін қажетті бейнелі шарттылық күшіне ие бола отырып, көрермендерге деген эмоционалды ықпалды арттырады.
Біздің койылым - арманға деген адалдық туралы және осы арманға қол жеткізу туралы, асқақтатып қойылған арман сақталып, тіпті ең қанкес сәттерде де орындала алатыны туралы, жан сыңарын іздеу туралы, шексіз сенім мен үміт туралы және де, бірінші санатта, ең кең мағынасындағы махаббат үғымы туралы, яғни жақынға деген махаббат сезімі туралы, адам жанының табиғи дарыны ретінде берілген сүйе білу сезімі туралы.
Қоюшы-режиссер: «Алтын маска», «Жыл адамы», «Мельпомен», «Жыл әні» және т. б. сыйлықтарының иегері Сусанна Цирюк (Ресей, Санкт-Петербург)
Қоюшы-дирижер: «Алтын Витязь» иегері Николай Макаревич (Беларусь, Минск)
Қоюшы-балетмейстер: Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, екі рет «Алтын маска» иегері Владислав Морозов (Ресей, Челябинск)
Музыкалық жетекші: Жанна Шестакова
Қоюшы-хормейстер: «Құрмет» орденінің иегері Татьяна Штыкова
Костюмдер бойынша суретші: халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты Татьяна Королева (Ресей, Санкт-Петербург)
Жарық бойынша суретші, сценография: «Алтын маска» номинанты Алексей Тарасов (Ресей, Санкт-Петербург) (либреттосы М. Бартенев, А. Усачев)