"Алеко"
2022 / 2023 МӘРМӘР ЗАЛЫ X маусым
6 сәуір * бейсенбі * 19.00
7 сәуір * жұма * 19.00
«РАХМАНИНОВ-ТРИБЬЮТ»
фестивалі
(композитордың 150 жылдығына орай)
Сергей Рахманинов
«АЛЕКО»
Бір актілі опера
(Концерттік орындау)
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Ұлы композитор әрі пианист Сергей Рахманиновтың 150 жылдығына орай «Рахманинов-трибьют» фестивалі аясында «Астана Опера» опера солистері, симфониялық оркестрі және Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы хорының қатысуымен «Алеко» бір актілі операсы концерттік орындауда шырқалады.
Жоба авторы, дирижер әрі фестивальдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.
«Алеко» операсының қойылымын «Астана Опера» театры сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің кавалері, хормейстер Юрий Колчиннің 80 жылдығына арнайды.
«Алеко» – Пушкиннің «Сығандар» поэмасының желісіне арналған бір актілі опера. Оқиға сыған таборында орын алады. Сюжетке арқау болған – қатерлі махаббат үшбұрышы: сұлу сыған қызы Земфира, оған деген махаббаты үшін қаланы тәрк еткен Алеко және Земфираның көңілі кеткен жас сыған жігіт.
ОРЫНДАУШЫЛАР:*
Алеко – Дінмұхамед КӨШКІНБАЕВ / Василий УПОРОВ
Земфира – Галина ЧЕПЛАКОВА / Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жас сыған – Нарұл ТОЙКЕНОВ / Владислав ЧИЖОВ
Қария, Земфираның әкесі – Шыңғыс РАСЫЛХАН, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты / Илья МАРКОВ
Қарт сыған әйел – Татьяна ВИЦИНСКАЯ, Гүлжанат САПАҚОВА
Мәтін оқушы – Сергей МАТВЕЕВ, Қырғызстанның Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ХОРЫ
Хормейстер – Юрий КОЛЧИН, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің кавалері
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Қоюшы дирижёр және музыкалық жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал МҰХИТДИН