«АЛАДДИН» (гастроли КАТМК)
2022 / 2023 Үлкен зал Х маусым
12 тамыз * сенбі * 12.00
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының
ГАСТРОЛІ
(11–13.08.2023)
С.Цирюк
«Аладдин»
Музыкалық ертегі
Авторы: Сусанна Цирюк
Ұзақтығы: 1 сағат
Жас шектеуі 5+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.
Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Премьерасы 2009 жылғы 6 желтоқсанда өткен
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы режиссёр – Сусанна ЦИРЮК, «Золотая маска» иегері (Санкт-Петербург)
Музыкалық жетекші және қоюшы дирижер – Борис КУЗЬМИН
Қоюшы балетмейстер – Владимир АКРАЧКОВ
Қоюшы суретші – Татьяна КОРОЛЕВА
Аладдин – арабтардың танымал «Мың бір түн» ертегісі кейіпкерлерінің бірі. Парсы қалаларының бірінде кедей тігіншінің Аладдин атты ұлы болады. Бір күні олардың үйіне сиқыршы әрі айлакер көз байлаушы Жафар қонаққа келеді.
Ол Аладдинді өз мақсатына жету үшін пайдаланады: қазынадан сиқырлы шамды әкелу керек: ол иесіне құдіретті күш дарытып, байлыққа кенелтеді екен. Бұл іс Жафардың қолынан келмейді – сиқыршыға Қазына берілмейді.
Аладдин шамды иеленген сәттен шытырман оқиғаларды бастан кешіреді. «Мың бір түннің» ең романтикалық тұстары – Будур ханшайым мен Аладдиннің махаббаты ашық бояулармен және жаңа сахналық шешімдермен ұсынылған. Мерекенің көркемдігі мен Шығыстың дағдылы өмірі әр көріністен, спектакльдің әрбір әуенінен сезіліп тұрады. Алладиннің оқиғалары туралы әңгіме бақытты аяқталады.
Бұл ертегі адамның өзін-өзі танып білген және айналасындағы ақиқатты түсінген сәттен, болмыс туралы пайымдап, қабылдаған шешімдерінің, өз қылықтары мен пікірлерінің жөнділігіне ой жүгірткен сәттен бастап қана барлық көрген-білгенін дұрыс ұғынатынын аңғартады.
Бәлкім, біреулер үшін бұл – жеті жыл, екінші біреулер үшін он, жиырма жыл болар... Бірақ классиканы кітап нұсқасында ғана емес, театр сахнасындағы, кинотаспадағы, әндегі түрлі интерпретациясымен тану қажет. Жауһармен кезекті кездесуден кейін әркімнің өзіне және өзімен бірге алар пайдасы көп. Таңдау әрқашан дұрыс жасалады деген үмітіміз зор!
Арнайы эффектілер ертегі әлеміне терең бойлата түседі. Спектакльдің өзі ерекше қарқынды шыққан. Бәрінің алдында – дүнияуи махаббат, одан ешкім қашып құтыла алмасы хақ. Иә, дәл осы махаббат – жердегі нағыз ғажайыптың өзі болар.
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Национальный музей РК
Национальный музей РК
Национальный музей РК
Бэтмен 2 (2026)
Бэтмен 2 (2026)
Формула 1 (2025)
Формула 1 (2025)