«АҚҚУЛАР САЗЫ»
«Ұлы дала музыкасы» топтамасы
Қобыз күй терапиясы концерті
«АҚҚУЛАР САЗЫ»
Раушан Оразбай – қобызшы, күйші-бақсы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ұмай» ұлттық сыйлықтың иегері (2023), Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» бөлімінің солисі, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті.
Бұл күй кешінде қазақ даласында көне заманнан қазіргі уақытқа дейін жеткен сансыз аңыздарға арқау болған Аққу құсына арналған 24 күй бір деммен үзіліссіз тоқтаусыз тартылады. Фольклорлық мұраларға үңілсек, күй тарту уақыты 1 сағаттан асқан және байырғы бақсылар үзіліссіз тоқтаусыз қобыз күйін тартып, адамдарды дауасыз дерттерден емдеген, жыннан тазалаған, шалық шалудан сақтандырған. Осылай, қобыздың үні үзілмей, тартылған сайын қуаттана жаңғырғанда табиғатпен үндесіп, жерді тітіретіп, көкті сілкіндіріп, ғарышқа жетіп, жаратылыспен жан-жақты тілдесіп, қайтадан ғазиз әуенге айналып, әлсіреген пендені адами қалыпқа түсірген.
«Қобызда 18 мың ғаламның үні бар» - дегенді жиі айтушы еді көнекөз ғалым, өнер зерттеушісі Омар Қаймолдин.
Киелі Аққу тақырыбына арналған, аққу бейнесі көркем бейнеленіп, сазды баяндалатын қобыз және домбыра күйлерінен тұратын «Аққулар сазы» атты 26 күй жинағы оқу-әдістемелік құрал ретінде 2018 жылы Алматы қаласының «Өнер» баспасынан жарық көріп, оқырманына жол тартты. Күйлердің дыбыс жазбасы «Мосфильм» киностудиясында (РФ) және Эрланген қаласында (Германия, 2017) жасалған.
Осы киелі көне өнерді 1991 жылдан бері Қазақстан аумағында, ТМД кеңістігінде және шетел мемлекеттерінде насихаттап келе жатқан күйші Раушан Оразбай – қобыздың қоңыр үнін тәуелсіздік таңымен бірге қайта жаңғыртқан қазақ қызы!
1. “Аққу” Қожеке Назарұлы (1828-1881)
2. “Аққу” Қазбек Абенов (1914-1995)
3. “Аққу” Мәкәлім Қойшыбаев (1926-1986)
4. “Аққудың зары”. Халық күйі (XVII)
5. “Аққу” халық күйі (XVII)
6. “Аққу” Қабікей Ахмерұлы (1927-2012)
7. “Аққу көлі” Қабікей Ахмерұлы (1927-2012)
8. “Аққу сазы” Тоқжан Қаратай (1994)
6. “Аққудың балапандарын аймалауы” Сыбанқұл (1865-1945)
10. “Аққудың атамекеніне қайтқаны”Сыбанқұл (1865-1945)
11. “Аққу” Әлшекей Бектібайұлы (1847-1932)
12. “Аққуды бидайық құстың қуғаны” Сыбанқұл Қалбасұлы (1865-1945)
13. “Аққу” халық күйі (XVII)
14. “Аққу” Ықылас Дүкенұлы (1843-1916)
15. “Жалғыз аққу” Қазен (Қазезбек) Әбуғазыұлы (1936-2018)
16. “Аққу” Сүгір Әлиұлы (1882-1961)
17. “Аққу” халық күйі 1-6 тараулары (XVIII)
1-тарау. Аққудың жем іздеуі.
2-Тарау.Аққудың бидайыққа кез келуі.
3-тарау. Аққудың өрлеп қашуы.
4-тарау. Аққудың құлдилап қашуы.
5-тарау. Аққудың ұясына оралуы.
6-тарау.Аққудың балапандарымен қауышуы.
18. “Аққу” Байжігіт (XVIII)
19. “Аққу” Нұрғиса Тіленді (1925-1998)
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.